Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

Киностудия ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Министр "Қазақфильм" киностудиясының жұмысын үйлестіру абыройлы әрі жауапты міндет екенін айтты.

 

"Отандық киноөнерінің "қара шаңырағы" саналатын Қазақфильм ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта, модернизацияның 2 кезеңін бастау керек", деді Асхат Оралов.

 

Асхат Оралов министрлік 2030 жылға қарай жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35% - ға дейін ұлғайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл ретте прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 30% - ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Министр киностудияның жаңа басшысы мен ұжымына сәттілік тілеп, табысты жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

 

Азамат Сатыбалды ұзақ уақыт М.Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 3 жыл бойы басқарды. Бүгінгі күнге дейін, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарып келген.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста