«Ауғандық» фильмінің түсірілімі күзде басталады

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын «Қазақфильм» киностудиясы шартты атауы «Ауғандық» атты жаңа фильм түсірілетіні жайлы жариялаған болатын. Жақында аталмыш фильмге актерлік кастинг өткізу басталды. Жоба авторларының айтуынша, осы жылдың қазан айынан фильмді түсіру жұмыстары басталады деп күтілуде. Фильмнің режиссері – белгілі қазақ актрисасы Наталья Арынбасарованың баласы ресейлік Егор Кончаловский.

Ауған соғысына 22 мың 269 қазақстандық қатысып, оның бір мыңы жат жерде жер жастанған еді. Алайда осы уақытқа дейін осы қанды соғыс туралы бірде-бір отандық фильм түсірілмей келді. Аталған фильм ауған жеріндегі қазақ жауынгерлерінің көрсеткен ерлігін паш етуді мақсат етіп отыр әрі жастарға патриоттық рухта тәрбие беруге әсер етпек.

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына келер жылы 65 жыл толады. Картина осы атаулы оқиғаларға орай түсірілмек. «Басты рөлдерде қазақ актерлері ойнайды» деп жоспарланған фильмнің сценарийін қазақстандық сценаристер жазып, кейіннен ресейлік С.Новгодский мен В.Моисенко жетілдірді. Мемлекеттік тапсырыспен түсірілгелі отырған жаңа фильмнің жанры әскери драма делінгенмен, мамандардың айтуынша, фильм қазіргі экшнге көбірек ұқсайтын көрінеді. Мұндағы себеп – көрермендер аудиториясының басым бөлігін құрайтын жасөспірімдерді де назардан тыс қалдырмау. Сюжетке негіз болған – өмірде бар адамның тағдыры. Ол – үш мәрте Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, подполковник Жұмабек Аюбаев. Ауған соғысында аяғынан айырылғанына қарамастан, өз қалауымен протезбен жүріп-ақ әскерде қызмет етуге қалдырылған.

Бүгінде ресейлік ірі прокаттық компаниялармен алдын ала келісімшарт жасалынып жатқан «Ауғандықтың» бюджеті әлі толық нақтылана қойған жоқ. Мемлекеттің ақшасынан бөлек, фильмді түсіруге демеушілер де қол ұшын беруге даяр деседі. Ендеше, ең бастысы, сапалы да мазмұнды, қазақ көрермені жүрекпен қабылдай алатын фильм түсірілетінінен, картинаның қыруар пайда әкелетінінен үміттенейік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста