Атышулы ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова жалаңаш жігітермен билеп желі қолданушыларының талқысына түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін небір әрекеттерімен көзге түсіп жүрген блогер бұл жолы биімен ерекшеленді. Ақтаудағы туған күн кешінде ол ірі денелі, лыпасын ғана қалдырып жалаңаштанған жігіттермен жұп болып, қонақтардың таңдайын қақтырды.
Бірнеше минут бойы орындық үстінде стриптиз көрсеткен жігіттердің бірі блогерді құшағына алып, көтеріп әкетті. Мұндай сәттің бейнежазбасын Салтанат Аманқосова әлеуметтік желіде жария етті.
Ұзаққа созылған биді блогерге де ұнаған секілді. Ұзаққа созылған биді Салтанат Аманқосова бірнеше рет жариялаған. Ал денесін татуировкасы көп қос жігіттің бірі кеш қонақтарының арасында бір аруды ойын кезінде серігі етті.
instagram.com/saltanat.a.e.pzds
Туған күн қонақтарының қошеметіне бөленген ол осылайша отырыстың көркін қыздыра түскен сияқты. Ал оны желі қолданушылары әлеуметтік желіде оның биін бөлісіп, талқыға салып жатты.