Атырау жастары трамадолдың тұтқынына айналуда

Трамадол – жастар мен жасөспірімдердің ермегіне айналды ма? Бұл препарат есірткі қатарына жатпаса да соған пара-пар анальгетик саналады. Өкінішке қарай, атыраулық мамандар жастардың трамадолға тәуелді болу деректерінің көбейіп келе жатқандығын жоққа шығармайды. Атыраулық кейбір ата-аналар балаларының осы дәрінің құрығына түскенін айтып, дабыл қағуда. Сонымен қатар олар дәріханалардан тек дәрігердің арнайы қатаң рұқсаты арқылы ғана жіберілетін аталған препараттың емін-еркін саудаланып жүргеніне наразы.
Германияда ғана шығарылатын бұл препарат қатты ауырсыну синдромы кезін­де, қатерлі ісіктерде, невралгия аурула­рында және жанға бататын диагностикалық, терапиялық іс-шаралар кезінде ғана дәрі­гердің рұқсатымен пайдаланылады.
Райгүл, ата-ана:
– Соңғы кездері ұлымның мінезінде өзгерістер пайда болды. Ашуланшақ болып кетті. Және түнгі ұйқысы да тыныш емес. Кейін келе үйден жарамды деген заттар жоғала бастады. Ақыр аяғында ұлымның жағдайы нашарлап, қалшылдап дірілдей бастаған соң жедел жәрдем шақыртқанбыз. Олар наркологиялық диспансерге әкеліп тастады. Мұндағы мамандар баламның қанын тексеріп, оның трамадол деген препаратты мөлшерден тыс көп қабылдағанын анықтады.
Мамандар трамадолдың орталық жүйке жүйесіне әсер ететін апиын тәрізді анальгетик екендігін айтады. Оны ұзақ уақыт бойы қолданған адам психикалық және физикалық тәуелділікке бой алдыра­ды. Және трамадолға тәуелді боп алған жасөспірімдер мен жастарды мұнда тума-туыстары алып келетін көрінеді.
Светлана ДОБРЫНИНА, облыстық наркологиялық диспансердің бөлімше меңгерушісі:
– Соңғы кездері бізге трамадолды пайдаланатын жастар көптеп түсе бастады. Жас шамалары 19-дан жоғары. Олар 1-2 емес, есірткі шеккендей күйге жету үшін бірден 10-15 таблетка қабылдайды. Аузынан көбік шығып, қояншық ауруының белгілері біліне бастайды. Басқа да седативтік препараттар секілді трамадолдың адамды өзіне тәуелді ететін қасиеті бар. Трамадолды шектен тыс мөлшерде пайдаланғаннан соң олар да қалшылдап дірілдей бастайды. Сосын тума-туыстары жедел жәрдем шақыртып, оларды бізге алып келеді. Ешкім не болғанынан бейхабар, тек сараптама жүргізгенде ғана олардың трамадолды шектен тыс пайдаланғандықтары белгілі болады. Көпшілігі әсерін күшейту үшін героин мен марихуананы қосып пайдаланады, марихуана жоқ болса, оның орнын трамадолмен ауыстырады.

Алма САРБАЕВА, облыстың бас фармацевтикалық инспекторы:
– Аталған препараттың кейбір дәріханаларда сатылып жатқандығы туралы бізге азаматтардан шағым түсіп, сол бойынша мамандарымыз дәріханаларға тексеріс жүргізген болатын. Анықталған заң талаптарын бұзған жеке кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, оларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Атырау облыстық наркологиялық диспансерінде қазір барлығы 900-ге жуық нашақор есепте тұр. «Олардың арасында трамадолға тәуелділіктен түсіп жатқандар саны да бірте-бірте көбейіп келе жатыр» дейді мамандар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста