"Атырау Аруы - 2021" байқауының иегері анықталды

"Атырау Аруы - 2021" байқауының жеңімпазы 21 жастағы студент Әйгерім Сүйінова атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйгерім Еуразия гуманитарлық институтында "гид-аудармашы" мамандығында оқиды. Ол қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерін меңгерген.

"Мен үшін оқу маңызды, өйткені одан өзіме керек қызық ақпарат аламын. Үшінші жыл қатарынан ағылшын тілінен сабақ беремін. Мақсатымның бірі - тіл орталығын ашу. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмын. Мен өз-өзіммен жұмыс істеймін, дамимын", - деді Әйгерім.
 
 
"Атырау Аруы" атанған қыз сән әлеміне қызығады, саяхаттауды, түрлі халықтың мәдениеті мен дәстүрін, тілін үйренгенді ұнатады.

"Әркімнің мақсаты, арман-тілегі бар. Менің ойымша, мақсат адамды алға қарай ынталандырады, бір орында тұрмай, үнемі алға жылжуға көмектеседі. Мен бала кезімнен көшбасшы болғым келетін, халықтың назарында жүргім келді. Сондықтан менің мақсатым байқауға қатысып, өзімді жақсы жағынан көрсету болды. "Қазақстан Аруы" байқауында туған жерімді лайықты түрде көрсету. Мен саяхаттауды армандаймын, бүкіл әлемді аралағым келеді. Болашақта барлық мұқтаж жанға арналған қайырымдылық қорын ашып, ауыр науқасқа шалдыққан балаларға көмектескім келеді. Бұл - менің осы байқауға қатысуымның себептерінің бірі", - деді қыз.

Әйгерімнің үлкен әпкесі бар, анасы екі қызды жалғыз тәрбиелеген.

"Өкінішке орай, 2007 жылы әкемнен айырылдым. Сол кезден бастап анам әпкем екеумізді жалғыз өсірді. Анам - мамандығы бойынша есепші. Қазір жылжымайтын мүлік саласындағы жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Мен анамды құрметтеймін, ол өте батыл әйел. Мені әрқашан, кез келген жағдайда қолдайды", - дейді Әйгерім.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Әйгерім Сухинова 2021 жылдың қараша айында өтетін "Қазақстан Аруы" ұлттық байқауы өңірлік онлайн-іріктеуінің екінші жеңімпазы атанды. Бірінші финалист "Түркістан аруы-2021" - 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста