Атажұрттың бір жұтым ауасын армандап кеткен қаламгер

Алғаш ана құрсағынан мына жарық дүниеге келіп, тәй-тәй басқаннан-ақ табанымыз туған жердің топырағына тиген біз соның қаншалықты бақыт екенін білмейді екенбіз. Әр тыныс алған ауаны еркін далада сіміре жұтып, туған жердің сылдырап аққан бұлағын шөл қандыра ішіп жүрген біз алыс шекара сыртында күндіз-түні түнек басқан қапаста әлдебір жанның тіпті бір сызаттан сыздықтап түскен жарық сәулеге зар болып жатқанын ойладық па? Атамекенін, асыл қазағын армандаған Алаштың тағы да бір арда ұлы сол құсадан айықпаған күйі жалғаннан көшіп кете барды...
86 жылдық ғұмырының жартысынан кө­­бін түрменің сыз еденінде өткізсе де, өз жағ­дайын ойламай, арғы беттегі қазақтың қа­сіретін қағазға түсірген Қажығұмар Шаб­­­данұлының Атажұрттың тым болмаса бір жұтым ауасымен тыныстай алмай кет­ке­ні өзекті өртер өкініш емей, немене?!
Кезінде Дүниежүзілік қазақтар қауым­дас­тығының басшысы Қалдарбек Найман­бай­дың ұсынысымен жазушының «Пана» ат­ты романын Жәркен Бөдешұлы аударып, осында бастырған екен. Ең алғаш Қа­жы­ғұмар Шабданұлының туған жерде жарық көрген туындысы сол болса керек. Сол қо­лына алғаш тигенде көңілі қатты толқыған жа­зушы алғысын жаудырып, көзіне жас алған екен. Онысын Жәркен Бөдеш інісіне жолдаған хатында: «Рақмет саған, бауы­рым, мен қазір жылап отырмын. Қарт адам жы­ламайды дейсің бе, жылайды. Бірақ ме­нің көз жасым, шіркін-ай, ата топы­ра­ғына тамбады-ау, ең құрығанда», – деп егілген.

Жәркен Бөдеш, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:
– Қажығұмар Шабданұлы – қазақтың ең ұлы жазушыларының бірі. Бір кездерде заманның қиқуымен, тағдырдың тақсыретімен көп қазақ ауып кетті ғой. Сол ауып кеткен қа­зақ­тардың тарихын Қажығұмардай тол­ға­ған жазушы кемде-кем. Бұрын осы тақырыпта, мәселен, Қабдеш ағамыз «Соңғы көш» секілді дүниелер жазды ғой. Ал бұл кісі оны қайталамай, ең алғаш қазақтар Қытайға қалай барды, сондағы өз көзімен көрген, бастан өткізгенін алты том қылып жазды. Ол тұтас бізде ба­сылды. Өз басым жа­зу­шыны көрген емеспін, бі­рақ шығар­ма­лары ар­қылы жақсы біле­мін. Бая­ғыда Қабдеш аға­мыз екеу­­мізді шақырған соң, Шә­уешек аймағына бар­дық. Сол тұста Қажы­ғұ­мар ағамыз түрмеден босап, бірақ мыр­за қа­мау­да отыр екен. Бірақ, амал не, Қытай үкіметі бізге ол кісімен сә­лем­десуге рұқсат бермеді. Сондықтан ол кісіні көруге мүмкіндігім болмады. Тұңғыш рет менің ол кісімен байла­ны­сым жазушы Үрімжідегі үлкен түрмеде жатқанда басталды. Менің «Тасбесік» деген поэмам осы Қажы­ғұмар аға­мыз­дың ғұмырына арналған еді. Сол алғаш ба­сылып шығысымен ең біріншісін адам­дар арқылы жазушының өзіне түр­меге жібердім. Өзі – өмір бойы түр­ме­де отырып, жарық дүниені көрмеген адам. Поэманы да сол қапаста жатып оқып, оқығанда, өмірінің соңғы сәтінде тек қана бір нәрсені армандады, сол үшін қайта-қайта хат жазды да, ол ар­маны Атамекенді бір көру еді... Ал енді Қы­тай­дың саясаты бойынша ол кісінің сыртқа шығуына рұқсат жоқ екен. Сол себептен бе, бізден де болды ма, әйтеуір, жазушы елге жете алмаған күйі арманда кетті. Атажұртының бір қасық суын ішуді армандаушы еді. Өмір бойы соны ойлай-ойлай, дертке шалдықты, ақыры сол дерт өлімге алып барды.
Бір көңілге медеу боларлығы, Қа­жығұмар Шабданұлының шығармалары ол кісінің көзі тірісінде Атамекенінде алты том болып жарық көрді. Сол арқылы біз бүгін «Қылмысты» оқығанымыз тарихы­мыз­бен қауышып, оқымағанымыз сол кі­тапты сарыла іздеуге көштік. Қажығұмар де­ген ат қазақ әдебиетінен ғана емес, әр қа­зақ­тың жүрегінің түбінен орын алды. Алла Қажығұмар атамыздың шығар­машылық ғұмырына мәңгілік мәртебесін сыйлағай...  

Өмір-дерек
Жазушы, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген.
1930 жылдары қазақ елін Голощекиннің қолдан жасаған аштығы жайлаған тұста ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған.
Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айырылған. Сөйтіп, Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде жазасын өтеген ол бостандыққа 1980 жылы шығады.
 1986 жылдың желтоқсанында «ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады» деген айыптаулармен, «шетел жансызы» деген желеумен Қажығұмар Шабданұлы тағы 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Өмірінің соңғы кезінде ғана бостандыққа шығып, Шыңжаң автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласында тұрған жазушы ақпанның 15-і күні қайтыс болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста