Атағың шықпаса, хайп жаса!

Әлеуметтік желіні қалт жібермей аңдып отыратын халыққа өзінің өмірінен де өзгенің өмірі қызығырақ. Кім кімге үйленді, кім ажырасты, кімнің баласы қайда жүр, кім жүкті, қай әнші немесе блогер ормал тақты немесе шешті деген секілді ақпараттар желіде қызу талқыға түседі. Жұртты шулататын жаңалық жариялайтын аккаунттардың рейтингісі де жоғары. Ал көп қаралым жинау деген сөз – табысты болудың кепілі.

Иә, бүгінде әлеуметтік желі арқылы табыс тауып отырғандардың саны күннен күнге артып келеді. Біреулер инфобизнес, SMM,  психология, продюсерлік арқылы нәпақасын тапса, енді біреулер өздерінің тауарларын жарнамалайды, әйтеуір ебін тапқан адамға әлеуметтік желі жанбағыс алаңына айналды. Ал әнші, актер, спортшы, блогерлер өздерінің танымалдығының арқасында желіде табысқа жетіп жүр. Өйткені олардың аудиториясы көп. Күмәнді жарнама берушелірден күйіп, абыройынан айырылып жатқан «жұлдыздар» да жоқ емес. Қалай десек те, олардың әрбір әрекеті халықтың көз алдында.

Ақпараттар ағыны таудан аққан сарқыраманың қарқынындай күшті заманда жұрттан қалмай, желіде танымал болудың да өз әдіс-тәсілдері бар. Өйткені қанша сұранысқа ие маман болсаң да, әлеуметтік желіде белсенділігің төмен болса, табысың да ортайып қалады. Сондықтан болса керек, қазіргі кезде танымал адамдар өздерінің жеке өмірінен сенсация жасап, танымалдығын одан әрі арттыра түсуге, аудитория назарын өздеріне аударуға тырысады.

Бұрын  «Бред Пит пен Анджелина Джоли ажырасты, Рианна балалы болды, Шакира пластикалық ота жасатты, Роналдо аяғын бәлен миллионға сақтандырды» деген секілді шетелдік жұлдыздардың жаңалықтарын жиі оқитын едік. Қазір «Айқын бірінші әйеліне қайта қосылды»», «Мақпал Жүнісова қызы туралы шындықты айтты», «Мөлдір Әуелбекова екінші рет ажырасты», «Ерке Есмахан кімнен жүкті», «Қайрат Нұртастың екінші әйелі бар екен» деген секілді отандық әртістердің өміріндегі жаңалықтар елді елең еткізеді. Осындай жаңалықтарды халық ынта-шынтасымен беріліп талқылайтындықтан да, күннен күнге танымал адамдар өздерінің отбасы, ошақ қасындағы әңгімені әдейі таратуды әдетке айналдырды.

Жақында әлемдік киножұлдыздар Джонни Депп пен Эмбер Хёрдтың ұзаққа созылған сотында әйгілі актердің жеңіске жетуі миллиондаған адамның қызығушылығын тудырды. Сот отырысынан кейін «Тik-tok» желісінде аккаунт ашқан америкалық актердың парақшасына санаулы сағаттарда 7 миллион адам жазылып үлгерген. Ол өзінің парақшасына бұрынғы әйелімен соттасу кезінде қолдау білдіргендерге алғысын айтқан шағын ғана видеоролик жариялаған. Роликті көрушілердің саны 12 миллионнан асады. Осыдан кейін капитан Джек Воробейдің образын сомдаған актер голливудтыық студиялармен миллиондаған долларлық келісім-шарт жасасуы әбден мүмкін. Бұл да танымал адамның жеке өмірі табысқа әкелетінінің бір дәлелі.

  Шоу-бизнес өкілдері мен блогерлер «охват», «фоллоуер» саны мен табысын арттыру үшін «отқа да, суға да түсуге дайын». «Атың шықпаса, жер өрте» демекші, сарапшылардың айтуынша, қазір жұрттың назарын аударып, құлағын елең еткізетін кез келген оқиға алдын-ала жоспарланатын көрінеді. Мұны қазіргі заман тілінде  сторителлинг техникасы деп атайды. Мұның бір көрінісі – эстарадалық жұптардың, танымал блогерлердің әдейі ажырасуы. Біреулердің шаңырағы ортасына түсіп, шын ажырасып жатса, біреулер сенсация үшін ажырасып, оның жұрттың талқысына салады. Яғни, аудитория үшін ажырасқан жұптардың рөлін ойнайтындар көбейді.

Жаңа клипті жарыққа шығарар кезде немесе жаңа әннің тұсаукесері боларда әншілер аудиторияның назарын аудару үшін жеке өмірлеріндегі жаңалықтарды бөлісіп, сенсациялық оқиғаларды жариялайды. Ал инфобизнесмендер курстарын сату мақсатында аудиторияны қыздыру үшін түрлі қитұрқы әрекеттерге барады.

Атақ үшін арзан хайп жасайтын танымал адамдардың бұл әрекетін қазақ сахнасының киесін, есті көрерменнің деңгейін түсінетін өнер иелері талай сынап, пікірлерін айтып та жүр.

Белгілі әнші Саят Медеуов кейбір әріптестерінің қылығына қынжылатынын айтып, өнерде жүрген біраз қыз-жігіттерді сынаған еді. «Жастарды былай қойғанда жасы 50-ге кеп қалған әріптестеріміздің кейбірі  ойларына келгеннін істеп жүр. Аузыдарынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Қай-қайдағы вайндарға түседі, айтып жүрген әңгімелері түкке тұрғысыз. Осыдан кейін өнер адамдары шегіртке болмағанда не болды? Танымал болудың жөні осы екен деп, сайқымазаққа айналып барамыз», – дейді әнші.

P.S. Расында да, әркімнің өмірде өз жолы, тағдыры бар. Саналы адам өзінің жеке өміріне шекара қоя біледі. Бірақ біз дәл қазіргі кезде өз өмірімізді жарнамалап қана қоймай, өзгенің хақына кіріп жатқанымызды түсінбей жүрміз. Инстаөмір мен жеке өмірдің аражігін ажырата алмай жүргенде уақыт ту сыртымыздан қол бұлғап өте шығады...

Анықтама 

Сторителлинг (storytelling) ағылшын тілінен аударғанда — әңгімелеу. Мифтер, аңыздар, ертегілер мен әңгімелер, кітаптар, театр қойылымдары, көпшілік алдында сөйлеу — барлық жерде сторителлинг бар. Бұл жеке жанр емес, маркетинг әдісі. Бүгінгі таңда сторителлинг сұрықсыз тақырыпты  қызықты мәтінге немесе видеоға айналдырудың ең тиімді әдісі. Сондықтан бұл техника маркетингте өте белсенді қолданылады. Сауатты құрылған шытырман оқиға оқырман үшін дәлелдер мен фактілерден гөрі әлдеқайда сенімді әрі өтімді.

Айнұр СЕНБАЕВА 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста