Танымал актер, "ТТТ" театрының директоры Асылбек Боранбаевтың отбасында қуаныш. "Тамашаның" тарланы қызын ұзатып, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz.
Әсел қыздың ұзату тойы 12 сәуір күні Алматы қаласында өтті. Дүбірлі тойға шоу-бизнестің танымал өкілдері қатысты.
Ұзату тойын әсем әнімен "Меломен" тобы ашса, қызды барар жеріне Жазира Байырбекова шығарып салды.
Сондай-ақ, Ернар Айдар, Абай Бегей сынды көптеген өнер иелері Боранбаевтар әулетінің қуанышына ортақтасты.