Танымал әнші Ерке Есмаханның бұрынғы жары Асхат Садырбай әлеуметтік желілерде жаңа жоба әзірлеп жатқанын айтып, елдің қызығушылығын тудыруда. Еркенің "Қайда" деп аталатын жаңа әнін тыңдап отырғып роликке түскен журналист жуырда елге қандай дүние ұсынбақ? Оның Еркеден туған ұлы Мүсіліммен ара-қатынасы қандай? Осы сұрақтардың жауабын Асхаттың өзі NUR.KZ порталына айтып берді.
Instagram әлеуметтік желісіндегі жұлдыздар Асхат Садырбайдың бұрынғы жары Ерке Есмаханның әнін тыңдап отырған ролигін жаппай жарнамалауда. Елді қызықтырып қойған журналистің халыққа тың дүние ұсынғалы жатқаны анық.
Алайда бұған дейін бұрынғы некесі туралы ашық айта бермейтін Асхат неліктен жаңа жобасына Еркені араластырады деген сұрақ елдің көкейінде. Осы орайда Асхаттың өзі бұл туралы әңгімелеп берді.
"Мен бұл туралы айта алмаймын. Музыкаға қатысты жоба. Бұл тек қана бағдарламаның тизері. Әншілермен байланысты жоба. Яғни, ешкімді бөліп жармаймыз, барлық әншілер қатысады. Тіптен менің бұрынғы жұбайым да болады", - дейді ол.
Ал журналистің Ерке мен Асхат қазір қандай қарым-қатынаста деген сұрағына:
"Қарым-қатынас болғанда мен үйленген адаммын, бала-шағам бар. Оның өзінің жеке өмірі бар. Баламмен араласып тұрамын. Ешқашан баламмен байланысты үзген жоқпын. Өткен жолы баласымен бірнеше жылдан кейін кездесті деп жазыпты. Бірақ олай болған жоқ. Мұрағатымда ұлыммен бірге түскен барлық уақыттағы түскен суретіміз бар.
Баламмен қарым-қатынасым жақсы. Бұрынғы жұбайыма ешқандай жау емеспін, арамызда араздық жоқ. Шығармашылығына табыс тілеймін. Бағдарламаға келіп қатысуы мүмкін", - деген ол Еркенің "баламмен аралыстармаймын" деген сөзін жоққа шығарды.
Естеріңізде болса, бұған дейін Ерке Есмахан отандық бағдарламалардың бірінде Асхатты баласы Мүсіліммен араластырмайтынын айтқан болатын. Сонымен бірге NUR.KZ порталына берген сұхбатында ол Асхаттың ешқандай алимент төлемейтінін, тіпті ұлын іздемейтінін де айтқан болатын.
Ал журналистің елді қызықтырған жаңа жобасы "Қазақстан" Ұлттық арнасынан көрсетілетін болады.