Қазақстанның эстрада жұлдыздары бүгін Астанадағы Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылық кешінде бас қосты. Танымал композитор биыл 70 жаста. Осыған орай еліміздің Орталық концерт залында оның «Сәлем саған, туған ел», «Ғашықтар жыры», «Қарағым-ай» сынды құлақ құрышын қандырар әуезді әндері орындалды. Қазіргі таңда Кеңес Дүйсекеевтің шоқтығы биік 200-ден астам шығармасы бар. Бұған қоса, оның қолтаңбасы фильмдердің саундтрегі мен театр қойылымдарының әуендерінде жиі кездеседі. Ал автордың өзі шығармашылығының мұнымен шектелмейтінін айтады. Кеңес Дүйсекеев, композитор: - Ол шығармашылық қой. Шүкір әзірге. Ешқандай қиналыс жоқ. Жүріп жатыр. Адамда ой болса, идея болса, бәрі іске асады деп ойлаймын. Сондықтан алда жоспарлар көп.
Астанада Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылық кеші өтті
Последние статьи автора