Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 24 ақпанда сағат 19.00-де «Астана-2012 – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді.
ҚР Президенті Н.Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Астана 2012 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланды. Осы халықаралық іс-шараларды лайықты өткізуіміз керек» деп мәлімдегені белгілі. Ашылу салтанатынан кейін өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылып, оған Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, «Ұлытау» және «Керуен» топтары, сонымен қатар Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Хакасия және Гагауз елдерінен келген танымал фольклорлық ұжымдар мен жеке орындаушылар өнер көрсетеді.
Аталған іс-шара аясында 25 ақпанда сағат 17.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында түркітілдес мемлекеттердің шығармашылық топтарының қатысуымен халықаралық фестиваль өтеді. Бұл іс-шаралар мәдениет пен өнердің дамуын нығайтып, Қазақстанды түркітілдес елдердің арасындағы мәдени ынтымақтастық саласында біріктіруші орта ретінде танытуды көздейді.
Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы
Последние статьи автора