Астана театры «Үйленуге» шақырады

Біз театрда сахналық қойылымды тама­шалап отырып режиссер мен актер­лер­­дің әр образды сомдап, көрерменге шы­найы жеткізуге талпынған дайындық сағаттарын елестете алмаймыз. Астана­да­ғы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музы­калық-драма театрының режиссері Нұрлан Жұманиязов журналистер қауы­мына осы мүмкіндікті тудырған еді.
Театр сахнасында Еркін Жуасбек жаз­ған «Үйлену» атты музыкалық коме­дия­сы­­ның пре­мьерасы қарсаңындағы дайын­ды­ғын та­машалаған журналистер актер мен ре­жис­сердің сахна қойылымына дайын­ды­ғы кезеңіндегі еңбегіне куә бол­ды. Біз онда қойылым кейіпкерлерімен қатар оны ойнаған актердің, режиссердің көрерменге жұмбақ көңіл толқынысын, ішкі жан-дүниесін түйсінуге тырыстық.
Сонымен, «Үйлену» музыкалық коме­диясы көрермендерге не ұсынбақ? Шағын шығарма ішінде қазіргі уақыттағы байлық пен мансапқа деген қызығушылық, адал­дық пен сатқындық, жақыбайлық пен іштар­лық атаулы адам болмысындағы мінез-құ­лық ерекше бейнеленіп, оқиға бойы ол сатира мен юмор арқылы өз сыба­ғасын ал­ып отыра­ды. Қойылым бойы оркестр ойна­ған музыка комедияны одан сайын жан­дандырып, құл­пыртып, толықтырып оты­рады.
Қ.Қуанышбаев театрында еңбек етіп жүрген белгілі режиссер Н.Жұманиязов: «Қойы­лым әзірлігі кезінде басты қиындық ту­дыр­ған мәселе оркестр мүшелерін жи­нау болды. Сахнаның тарлығы, оркес­т­р­ді ор­наластыру, оларға арналған ұяшық­тардың болмауы қиындық тудырды. Ал актерлердің басым бөлігі жастар, олармен жұмыс істеу өте қызғылықты. Болашақта музыкалық бағыттағы жоспарларымыз, мюзикл жанрындағы қойы­лымдарымызды сахналаймыз», – деп өз ойымен бөлісті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста