Роза Рымбаева президент сайлауынан соң эстрада жұлдыздарымен бірге Абай Бегейдің әнін шырқады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Біршама уақыт бұрын Абай Бегей Роза Рымбаеваның сынына ұшырап, оның әндерін танымал әнші мүлдем тыңдамаймын деген еді. Ал оған қарсы тойдың жұлдызына айналған Абай Бегей: «Роза Қуанышқызы туралы айтар болсам, біз сонау бала кезімізден ол кісінің әнін тыңдап, еліктеп өстік. «Мен Абай Бегейдің «Аспанға қараймын» әнін тыңдамаймын, радиодан болып жатса өшіре саламын» деп айтқан екен. Тыңдасын, тыңдамасын мен бұл әнді Роза апамыз үшін емес, халық үшін жаздым», – деп жауап берген еді. Абай халық әртісінің мұндай сынына мүлдем ренжімейтінін де алға тартқаны да жадымызда.
Роза Рымбаев әнге қатысты сын айтуын айтқанымен, кезектен тыс президент сайлауынан соң бізді тағы бір рет таңқалдарды. Жеңіске жеткен президенттің құрметіне түсірілген арнайы бейнебаянға түскен танымал әнші көппен бірге Абай Бегейдің әнің шырқап, «аспанға тамсана қараған» жайы бар. Мұндай таң қаларлық жағдай нені аңғартады?
Қазіргі ауқытта Абай Бегейдің «Аспанға қараймын» әні хит болып тұрғаны белгілі. Елімізді қойып, бүгінде бұл әнді ресейлік Тиматидің де шырқағанын тындарман естіді. Тіпті, Түркияға барған гастрольдік сапарында концерттік кешін қазақтың әнімен ашып-жапқан еді.
"Аспанға қараймын" әнін Роза Рымбаева да орындады... (видео)
Последние статьи автора