Әсет әндері әуелеген кеш

Семейде дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық бай­қауы өтті. Қазақ өнерін­де қалықтап әні, шарық­тап аты қалған Әсет Найман­байұлының ақындығы да ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқаны мәлім. Биыл туғанына 145 жыл толған айтулы тұлғаның есімін дәріптеткен өнер құдіреті өткен апта соңында Семейде аталып өтті. Қалалық мәдениет сарайында «Інжу-маржан» атты Әсет атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауын жұрт қуана тамашалады.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тап­сырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы ұйымдас­тырған өнер сайысына еліміздің әр өңірі­нен келген таланттармен бірге, көршілес Қытай Халық Республикасынан да екі қан­да­сымыздың бақ сынағаны байқау дең­гейінің кеңінен қанат жая түскенін көр­сет­кендей.
Дәстүрлі ән байқауының шымылдығын ашқан қазылар алқасының төрағасы, бел­гілі өнер зерттеушісі, күйші, Қазақстан Жа­зу­шылар одағының мүшесі Жарқын Шәкә­рім 1924 жылы Семейде губерниялық ко­митет ұйымдастырған ән байқауында Әмі­ре мен Қали Байжановтың әншілік ер­ек­шелігімен бас жүлдені бірге бөліскендігін мы­­салға келтіре келіп, осынау байқаудың әділдікпен өтетіндігіне сенімін білдірді. Ал облыстық мәдениет басқармасының бас­тығы Жақсылық Омар осымен алтыншы рет ұй­ым­дастырылып отырған дәстүрлі ән бай­қауының деңгейін көтеруге жыл сайын мән берілетіндігіне тоқтала келіп, сайыс­тың өткізілу орны Семей болып таңдалған­ды­ғы­ның да өзіндік себебі барын атап өтті. Се­бебі жай уақытта Семейді еліміздің мә­де­ни-рухани астанасы дегенімізбен, оның ұлттық өнердегі орнын дамытуға баса көңіл бөлінбейді. Сондықтан да Әсет әндерін әуе­летіп, халық композиторлары­ның шы­ғар­маларын насихаттайтын осын­дай үл­кен ша­раның осы қалада өткізілгені әбден дұрыс.
Сөйтіп, 25 әнші үш кезеңдік сайыстың көрі­гін қыздыруға шықты. Әр әнші төрт ән­нен орындайтын сайыста қатысушылар­дың қай-қайсысы да сын тезінен өтудің оңай болмағандығын сезінгені анық. Бай­қауға қатысушыларға қойылар талап­тың бірі орындайтын әндерінің ішінде алдымен Әсеттің әні болуы міндеттелгені көрініп тұр­ды. Ал бір Әсеттің өзінен үш кезең бо­йын­ша оның бірнеше әндерін орындау да оңайға соқпайды. Себебі Әсет әндерінің иі­рімдері сұрапыл, бұрмалары көп болып келеді.
Тұрсынғазы РАХИМОВ, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, әнші-сазгер:
– Негізінде, үш кезең бойынша 12 ән айту орындаушыға аса ауыр емес. Мә­де­ниет Ешекеевтің өзі кезінде 15-20 әнді толассыз айтып, бір өзі кон­церт өткізе бе­ре­тін. Сондықтан мұндайда кәсіби шебер­лікті жақсы игерген әнші бір кезеңде төрт әнді мүдірмей айтса, қайта оның өнері шыңдала түсері анық.

Абайдың ақын шәкірті, бірнеше тіл біл­ген қас таланттың өз дәуірінің көзі ашық, өресі биік перзенті болғандығын да атап өт­кен абзал. Қарағанды өңірінің Қызыл­арай атты жерінде туғанымен, әкеден ерте жетім қалған Әсеттің Мақаншыдағы наға­шыларының қолында өскендігін ел жақсы біледі. Жасынан дарынымен көзге түсіп, ән­шілігімен, ақындығымен жұрт аузына ерте іліккен ұлы таланттың азамат шағы­ның Қытайда өткені де бір тарих.
Ұлттық киім киген, құлаққа жағымды нақышымен тәнті еткен семейлік Гүлдана Но­ғайбаева, жетісулық ән жүйріктері Тал­ғат Әбуғазы, Құралай Шаяхметова, көк­ше­таулық Нәзира Бейсенова секілді ән­ші­лерге сүйсінген көрермен Қытайдың Бұра­тола облысынан келген екі қандасымыз Тұрдыбек Басболатұлы мен Еркін Зәкәрия­ны да ден қойып тыңдады.
Тұрдыбек – атажұртына осы Әсет әні­нің арқасында алғаш рет келген қандасы­мыз. Дәстүрлі әнге ден қойғалы 12 жыл­дың жүзі болған. Мамандығы суретші болғанымен, қолынан домбырасы түспей­тін әнші ретінде танымал. «Өзім де, жұба­йым да жергілікті мектепте мұғалімбіз. Ту­ған өлкеге келгендегі әсерім өте тамаша. Байқау жоғары деңгейде ұйымдасты­рыл­ған», – дейді Тұрдыбек. Ал Бұратола об­лы­сындағы №2 мектептің мұғалімі Еркін Зәкәрияның Балуан Шолақтың «Сұрша қыз», «Әсет пен Кемпірбайдың қоштасуы» тағы да басқа халық сүйіп тыңдайтын ән­дерін әуелетуі оның ысылған, сахна мәде­ниетін меңгерген әнші екендігін көрсетті.
Екі күн бойы қазақ өнерінің құдіреті ас­пандаған Семейдегі республикалық бай­қау келесі күні Абай атындағы музыкалық-драма театрында шымылдығын түсірді. Байқаудың жабылу салтанатында сөз ал­ған Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бас­ты­ғы Жақсылық Омар мұндай республи­ка­лық дәстүрлі ән орын­дау­шыларының бай­қауы 1992 жылдан бері бірінші рет өт­кен­дігін атап өте келіп, қазы­лар алқасы­ның төрағасы Жарқын Шә­кә­ріммен бірге бай­қау жеңімпаздарын марапаттады.
Қазылар алқасының бағалауымен үш­ін­ші орынға тараздық Есбол Шаңбаев, ас­та­налық Нұрболат Әбілхан, алматылық Жа­наргүл Сәркенова мен Өзгеріс Шерік­бай лайық болып шықты. Ал екі ІІ орынды Талдықорған филармониясының әншісі Құралай Шаяхметова мен семейлік көрер­мендердің сүйікті әншісі Гүлдана Ноғай­баева бөлісті. «Гүлдер» ансамблінің әншісі, алматылық Талғат Әбуғазы І орынды (350 мың теңге) иеленді. Ал ең үздік әншіге берілетін Үржар ауданы тіккен бас бәйгені алматылық Нариман Әбдірахманов алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста