Әсем Жәкетаева ана болуға дайындалып жүр деп сүйіншілегеніміз сол еді, әнші әлеуметтік желідегі парақшасына сәбиінің қолынан ұстап түскен суретін салып, оқырмандарына қыз баланы дүниеге әкелгендігі жайлы хабарлады.
«Менің кішкентай ғана түйіршігім. Сені қанша күттім… Тоғыз ай бойы жүрдім. Құрсағымды қорғадым. Күн сайын маған бақыт, өмірдің мағынасын, күлкі сыйлайсың. Мен сені жақсы көремін, қояным!» — деп жазды актриса.
Естеріңізді болса, әнші 2015 жылы тұрмысқа шыққан болатын. Әнші үйлену тойын ғашықтар мекені саналатын Францияның Париж қаласында атап өткен. Алайда Әсем Жәкетаева азаматының кім және немен айналысатынын құпия ұстап отыр.