Әселдің ән шеруі

«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы

«Ән-шеру» бағ­дар­ламасы
Авторы: Әсел Ергешқызы
Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сенбі, сағат 22:00

Арнасы: Қазақтың радиосы  
Эфир уақыты:
сенбі, 22:00
Ұзақтығы:
60 минут
Хабардың тілі:
қазақша
Форматы:
тікелей

18-айналымда бақ сынап жатқан әндер:
«Ретро» тобы – «Бәрінен әдемім»
әні: Ербол Ақбасов
сөзі: Рахат Әбдірахманов

Нұрлан Әлімжан – «Көзіңе қарай бердім»
әні: Нұрлан Әлімжан
сөзі: Мәжіліс Өтежанов

Көркем Сейсенбек – «Сен менің көгершінімсің»
әні: Ерхан Алданазар
сөзі: Қайнар Алагөзов

Әділ-Дана – «Аққуым менің»
әні: Мәлік Ақүрпеков
сөзі: Амангелді Сейітхан

Талғат Жорабаев, Самал Сатқанғалиева – «Алыстағы арманым»
әні: Ілияс Байбосынов
сөзі: Ринат Ақылбеков

Асылхан Төлепов – «Өткенді салма есіме»
әні: Нұрлан Әлімжан
сөзі: Мәжіліс Өтежанов

Мадина Сағынбаева – «Гүл сыйлашы»
әні: Әуезхан Салабеков
сөзі: Үміт Битенова

Нұрдәулет Махамбет – «Дүние-дәурен»
әні, сөзі: Нұрдәулет Махамбет

18-айналымда бақ сынау үшін ұсыныс білдірген орындаушылардың әндері ірік­телді. Сенбіде, әдеттегідей, жаңа айна­лым­ның әндері таныстырылып, тың­дау­шылар таңдау жасауды бастады.
ДЕБЮТ! Көзіқарақты көрерменге Ақан Са­таевтың «Жаужүрек мың бала» филь­міндегі Сартай батыр рөлі арқылы жақсы та­ныс Асылхан Төлепов Қазақ радиосының эфирінде тұңғыш рет әншілік қырынан та­ныл­ды. Мәжіліс Өтежановтың сөзіне жа­зыл­ған Нұрлан Әлімжанның «Өткенді сал­ма есіме» деп аталатын әнін Асылхан ав­тордың жаңа ән жинағынан тыңдаған екен. Өзіне ерекше ұнаған әнді Нұрланның рұқ­сатынан кейін ғана жаздырыпты. Өз сө­зінде ол алдағы уақытта актер, әнші, сазгер Нұр­лан Әлімжанмен бірге жұмыс жа­са­уымыз мүмкін деген жоспарын да жа­сыр­мады. «Әншілік бағытқа біржола кет­пей­мін, тек бұл қырымды да сынап көрейін де­дім. Жаныма лирикалық әндер жақын. «Өт­кенді салма есіме» әнін алғаш орын­дағанымда мәтінінде аздаған қателіктер бо­лып еді, түзеттім. Қазіргі пікірлер жаман емес...», – дейді Асылхан. Қазір Асылхан –«Сұң­қар» телесериялының түсірілім ала­ңында. Ұлттық арнадан көрсетілуі тиіс 20 сериядан тұратын отандық өнімнің ре­жис­сері – Жасұлан Пошанов, продюсері – Ақан Сатаев. Жылқы мен адамның дос­ты­ғын суреттейтін картинада актер Біржан есімді жігіттің рөлін сомдауда.
Айтыскер ақын, әнші-термеші, сазгер, бір бойына бірнеше өнерді қатар сіңірген Нұрдәулет Махамбет өзінің «Дүние-дәу­рен» әнімен – Ән шеруде. «Біреуді сүйем деп сүймейсің. Махаббат шақырусыз кел­ген қонақ сияқты. Айтпай келіп, кеудеңде мез­гілсіз бүр атады. Сезімге толы саз сый­лап, мұң-шерін домбыраның қос ішегіндей қа­тар шертесің. Сүйе білген – ғажап, сүй­діре білу – бақыт», — деген ол аталған әнді ал­ғаш рет Қазақ радиосы арқылы тың­даушыға ұсынып отыр. Эстрадалық ба­ғыт­та ән орындауды енді ғана қолға алып жат­қанымен, «Дүние-дәурен» осыдан екі жыл бұ­рын туған екен.
Жаңа әндерімен тыңдаушысын қуан­туға асықпай жүрген Талғат Жорабаев бұл жо­лы белгілі журналист, әнші Самал Сат­қан­ғалиевамен «Алыстағы арманым» әнін бірлесе шырқап, саналы тыңдаушының сынына салып отыр. Ән авторлары — Ілияс Байбосынов пен Ринат Ақылбеков. Самал да – микрафон мен қаламын қатар алып жүр­ген талантты қыздардың бірі. Бұған де­йін де жеке орындаушылық қабілетімен тың­даушысын бей-жай қалдырмаған ол маз­мұнды, сапалы бейнебаяндары ар­қылы да көпшілік сынынан сүрінбей өткен еді. Ең қызығы, 18-айналымның алғашқы үш күндігінде-ақ Қазақ радиосының сайты арқылы Талғат пен Самал үздіктер көшін бастады.
Бұған дейін де «Ұнатамын мен сені» әнімен ән-шеруімізге қатысып, тыңдарман көңілінен шыққан Мадина Сағынбекова бұл айналымға тағы бір жаңа туындымен келіп отыр. Үміт Битенованың өлеңіне жа­зыл­ған Әуезхан Салабековтің «Гүл сый­лашы» әні – Мадинаның репертуарына ен­ген жаңа әндердің бірі. Мамыр айында ға­на Тараз қаласындағы Ж.Баласағұн атын­дағы Мәдениет сарайында дәл осы атау­мен жеке шығармашылық кешін өт­кізіп, ән жинағының тұсауын кескен Ма­ди­на Жамбыл облыстық филармониясының ән­шісі екенін айта кеткеніміз жөн шығар.

P.S.
Әндердің толық нұсқасын Қазақ радиосы сайтының негізгі бетіндегі «Ән-шеру» бөлімінен тыңдай аласыздар. 18-айналымда бақ сынап жатқан өзге де әндер жайындағы ақпараттар айдардың келесі шығарылымында жарияланатын болады. Алаштың үздік әнін бірге анықтайық!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста