Ашаршылық жайлы фильм Лондонда өткен кинофестиваьдің бас жүлдесін жеңіп алды

Ашаршылық жайлы фильм Лондонда өткен кинофестиваьдің бас жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық көркем туынды Лондонда өткен Еуразиялық фильмдер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Гран-Приден бөлек отандық киногерлер "Орыс тіліндегі үздік сценарий", "Үздік жас режиссер" және "Көрермендер көзайымы" аталымдары бойынша жеңіп шықты.

Фестивальдің бас жүлдесін Марина Қонарованың "Ұлы дала зары" фильмі жеңіп алды. Көркем дүние ашаршылық кезінде қырылған қазақ халқының шынайы тарихи оқиғалары туралы сыр шертеді. Гран-При үшін Ресей, Армения және Ұлыбританиядан ұсынылған фильмдер де таласты. Қазақстандық өнім сарапшылар мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Сондай-ақ Жорабек Мұсабаевтың "Үй" фильміне жазған сценарийі "Орыс тіліндегі үздік сценарий" деп танылды. Ал Саид Әшірбаев "Үздік жас режиссер" аталымы бойынша марапатталды. Жеңімпаздар қатарында әріптесіміз, Хабар телеарнасының режиссері Ақбөбек Төлжанова да бар. Ол Әбіш Кекілбайұлы шығармасының желісі бойынша түсірілген "Ұйқыдағы арудың оянуы" атты деректі фильмі үшін "Көрермендер көзайымы" аталымын қанжығалады.

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста