Желі қолданушылары шымкенттік әнші Асан Пердешовтің 15 жастағы қызды келіншек қылып алды деп шулаған болатын. Өзін сынаған көпшілікке әнші жауап қайтарды деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші өзінің пиар үшін үйленбегенін айтқанымен, некелі жарының нақты жасын атап көрсетпеген.
"Өзі солай жас көрінсе, не істейміз енді. Менің де бақытты болғым келеді. Бақытымды ешкімнен жасыра алмаймын. Жасырсақ жасырды дейді. Жасырмасақ мынау.
Мен өнер адамы болғандықтан шыдармын. Бірақ ол намыстан мөлдіреген көзіне жас алса, кім жауап беретінін біледі ме екен? Дұрыс менен біраз жастау шығар. Алайда арада махаббат бар. Ата-анасының қолынан ұзатып алып келіп, қуанышымды бөліскен едім. Жаман қапалы болдым, олай жазбаңыздаршы. Мен пиар үшін үйленбедім", - деді әнші.