Аша Матай енді қыз ұзата бастады. Әлеуметтік желіде тележүргізушінің Аружан есімді бойжеткенді ұзатқан сәті жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұзату салтанаты отандық телебағдарламалардың бірінде өткен. Онда тұрмысқа шығатын қыздың да, Аша Матайдың да ұлттық киім кигенін көруге болады.
Аша Матай ұзатуға арнайы ән жаздырған. Алайда көпшілік тележүргізушінің ән айту қабілеті мен орындаған әнін сынға алды.
Ерке Есмахан: Күйеуге шығуды армандамаймын, шыққым да келмейді
"Жалғыздық Аллаға ғана тән": Әуелбекова үшінші рет тұрмыс құру туралы айтты
"Даусы жоқ, кім не түсінді, ұялып кеттім", "Кім не түсінді? Масқара", "Тележүргізуші болып жүре берсін", "Ән айту сенің ісің емес Аша", – деп пікір білдірді желі қолданушылары.