Актриса Аша Матай мен «RinGo» тобының бұрынғы әншісі Арман Қоңырбаев екінші рет «үйленді». Бұл жолы бірақ түсірілім алаңында.
«Ашаны сүйемін. Сол үшін екінші мәрте үйленіп жатырмын», – деп қалжындады Қоңырбаев.
Тойда камера көтерген операторлар мен әншілерге қарағанда бұл жиын арнайы сьемка барысы секілді.
Желі қолданушылары олардың жарасымды жұп екендерін жарыса жазып, алда шығатын туындыны асыға күтетіндерін айтты.