Арзан әзіл сатираға көлеңке түсіреді

Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР, сатирик жазушы:

– Сатираны көпшілік тек езуге күлкі ұялатар жанр ретінде қабыл­дайды. Бірақ сатирик ретінде кәсіби сатираның мән-мағынасы, мазмұ­ны тереңде жатқанын екінің бірінің пайымдай бермейтіні рас қой?..
– Сатираның мақсаты – қоғамдағы келеңсіздіктерді әшкерлей отырып, күлкі туғызу. Күлкінің екі түрі бар. Бірі жеңіл күлкі болса, екіншісі – сарказмға толы уытты күлкі. Өкінішке қарай, қазір арзан күлкі үстемдік құрып тұр. Уытты, айтары бар салиқалы күлкі жоқтың қасы. Жеңіл күлкі отбасы, ошақ қасында, жезде мен балдыз немесе құрдастар арасында айты­латын әзілден туады. Үлкен сахнаға алып шығуға келмейді, бөтен ортада үлкен әсер бермейді. Ауыздан шыққан сәтте ғана ду күлкі туғызады да, айтылған жерде қалып қояды. Ал уытты күлкі – тәрбие құралы. Онымен қоғамды, адам­ды тәрбиелеуге бола­ды.
– Сол уытты күлкінің біздің қоғамға жетіспей тұрғаны ақиқат. Бірақ не себепті?
– Оның басты себебі – қоғамның сын­ды керек етпеуінде. Мәселен, Ғабит Мү­сіре­повтердің тұсындағы «Ара» журналы­ның пәрмені қандай еді?! Жалпы, ол кезде БАҚ бетіндегі әр сөз өз иесін табатын, жауап­сыз қалмайтын.
Қазір «Жартасқа бардым, күнде ай­қай салдым, одан да шықты жаңғырық­тың» кебі. Айтылады, жазылады, қоры­тынды жоқ. Ал сахнадағы күлкі мүлде әлсіз. Сати­риктер мен күлкі театрларының арасында­ғы байланыс нашар. Соның салдары болар, театрлар көп болғанымен, салмақты күлкі жоқ. Сахнаға көбіне етек­тің түрілгенін, отбасындағы ұрыс-керісті, әйелінен қо­рық­қан «ерді» сөз еткен арзан күлкі шыға­ды. Әбден жауыр бол­ған, көзі ашық көрер­мен әлдеқашан жалық­қан, қытықтамасаң, күлдіре ал­май­тын бірсарынды тақырыптан қашып, тыңнан түрен салған кім бар? Қысқасы, Абай атам айтатын қымбат күлкі уысы­мызға түспей-ақ тұр. Мәселен, Ресей­де сатирик шығармасын сахнаға өзі алып шығады, яғни өзі орындайды. Өйткені олар сахна мәдениетін де қоса меңгерген. Ал бұл дегеніңіз – айтар ойдың көрермен­ге делдалсыз, яғни ортадағы әртіссіз тікелей жетуіне жол ашады. Егер сатирик­тің сах­наға лайықтап жазғанын әртіс орындауы керек болса, ол оны өз жаны­нан шығар­ғандай түсініп, өзіне сіңіріп алатындай өрелі болуы керек. Сонда ғана сапалы күлкі туады. Бізде осы кемшін түсіп жатыр. Меніңше, қалың бұқара да елдегі саяси, мәдени, экономикалық, әлеу­меттік тақы­рып­тардан хабардар болса, жоғарыда отырған, ел алдында жүрген түрлі саладағы алпауыттардың жақсы-жаман қасиеттерін білсе, күлкінің аясы кеңи берер еді.
– Сонда халқымыздың саяси сауатсыздығы мен әзілге деген талғамының төмендігін айтқыңыз келеді ғой...
– Дұрыс айтасыз, мұны белгілі дәреже­де халықтың енжарлығы деуге болады. Бізде саясат жабық жүргізіледі. Халықтың сая­саттан хабары жоқ, саясат­пен айналыс­пай­ды. Биліктегі өзгерістер­ден, қандай басшы қайда ауысқанынан хабары да, шаруасы да жоқ. Саяси порт­рет те жоқ. Пародис­тер­дің де тек өнер адамдарын ғана айналдыра беруінің бір себебі – осын­да. Яғни саясатты қалың қауым қабыл­дай алмайды. Қабыл­дама­ғаннан кейін, күлкі тумайды. Сол себепті біздің әртістер осыдан 20-30 жыл бұрын өзекті болған, қазір салмағы жоқ күлкіні әлі де тулақтай тартып келеді. Бұл үрдіс әртісті де, халықты да, сатираны да өсір­мейді.
– Халық саяси сатираны түсіну үшін саяси сауатты болуы керек пе? Мұның шешімі неде?
– Былай істеу керек дейтіндей ұтымды ұсынысым жоқ. Меніңше, бұл – уақытпен келетін нәрсе. Мәселен, ел Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары күлкі жайына қалып, күн көру мұң болып кетті. Ел еңсе­сін сәл тіктеген тұста «Тамашаға» ілесе алғаш­қы күлкі театрлары құрыла баста­ды. Олар айтқан әзіл ел аузында жүрді, халық мәде­ниет орындарына ағылды, күлкі өзін-өзі ақтады. Бірақ одан бері талай уақыт өтті ғой. Осы аралықта тақы­рып өзгеріп, күлкі байсал тартуы керек еді. Өкінішке қарай, сүйегіне ілініп сол әзіл әлі келе жатыр. Бұқа­ра да арзан күлкіден жалығар емес. Бұл жақсы емес. Жаңа сатыға көтерілмей, күлкінің құнын қайта сараптамай, қоғамда өзгеріс бол­майды. «Күлкі – күштілер қа­руы» деген сөз бекер айтылмаса керек.
– Қазақстанда саяси сатираны бұрқыратып жазып жүрген жас қаламгерлер аз. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
– Жас сатириктер аз емес. Мүлде жоқ! Саяси сатираны ғана емес, кез кел­ген тақырыпты қаузау үшін де ішкі дайын­дық керек. Сөз етпек дүниеңнен хабарың болуы қажет. Сіз өзіңіз сезінбеген, білме­ген жайтты бәрібір ойдағыдай нанымды етіп жаза алмайсыз. Ал сахнаға лайық­талған сатираның басты мақсаты күлкі туғызу ғой. Ендеше, саяси сауаты жоқ адам қайтіп саясаттан күлкі туғызбақ? Ал аға буын мен жас буынның арасында мен білгелі байла­ныс болған емес.
– Әртістер сатириктермен немесе, керісінше, сатириктер әртістермен жұмыс істеуге неге құлықсыз? Сіз белгілі бір театрмен жұмыс істеп көрдіңіз бе? Болашақта ондай жоспарыңыз бар ма?
– Ортада бір көпір жоқ. Меніңше, ол көпір ақша болуы тиіс. Жақсы қаламақы төленсе, сатирик сәтті туынды жазады. Ол әртіске ақша алып келеді, көрермені мо­лая­ды. Міне, осыны жолға қоя алмай келеміз. Ал маған әзірге ондай ұсыныс түскен жоқ, егер қомақты қаламақы төлесе, бағымды сынап көруіме болады. Ең өкініштісі, әлі күнге сахнаға арзан күлкі толассыз шығып жатыр. Бұл 20 жылға созылды, әлі де 10-15 жыл толастамауы мүмкін. Бұдан көрер зардабымыз аз емес. Себебі өреміз өспейді, сахна мәде­ниеті сақталмайды. Анайы сөз, ауызекі қалжың үстемдік құра береді. Бұл – сол әзілді жазған сатириктің де, орындаған әртістің де, көріп, күліп отырған көрер­мен­нің де талғамының төмендігі, күлкінің қадірінің қашқаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста