Әрхам Кәкітайұлына арналған кеш

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында абайтану іліміне зор үлес қосқан Әрхам Кәкітайұлына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кеш «Ұлы Абайға адалдық» деп аталды.
Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов – абайтану ғылымы үшін ма­ңы­зы зор «Абайдың өмір жо­лы» атты естеліктер жазып қал­­­дырған ақын. Бұл ес­те­ліктер «Абай мұражайының кітап­ха­насы» сериясымен шыға­тын Абай туралы есте­лік­тердің бі­рін­ші кітабына енген. Әрхам­ның орындауында Абай­дың 30-ға жуық әнін Л.Ха­миди мен Б.Ерзакович но­та­ға тү­сір­ді. Әрхамның Абай ту­ралы ма­қа­лалары әр кезде мерзімдік бас­пасөзде, «Жұлдыз» жур­на­лының 1993 жылғы 6-санында жа­рия­лан­ды. 1935 жылы Әуе­зов бас­қар­ған ғылыми экс­пе­ди­цияға ерек­ше көмек көр­сетіп, ақын­ның өмірі мен шы­ғарма­шы­лығына қатысты аса құнды де­ректер берді. М.Әуе­зов «Абай жолы» эпо­пея­с­ын жазу ба­рысында Әр­хам­ның мә­лі­мет­те­ріне сүйенді. Ол Құнанбай, Абай, Шәкәрім ту­ралы аса құн­ды деректер, естеліктер жаз­ды. 1940 жылы сәуір айын­да Семей қаласында Абай Құнанбайұлының мұ­ра­жа­­й­ын ашу туралы қаулы қа­бы­л­­данғаннан кейін, ақынның не­­мере інісі Әрхам Кәкітайұлы мұражайға қызметке алынып, Абай туыстарының, ұр­па­қ­та­ры­ның, замандастарының қол­­дарында сақталған ұлы ақынға қатысы бар заттарды жи­науда үлкен еңбек етті. Кеш­­ке зиялы қауым өкілдері, ға­лым зерттеушілер, ақынның ұрпақтары қатысты. «Ха­лық­тық ақындар орталығынан» жас ақын С.Хуанған ақынға ар­нау арнады. Семей қалалық филармониясының әншілері Т.Сембаев Абайдың «Бойы бұл­­ғаң» әнін, Б.Түктібаев «Жел­­сіз түнде жарық ай» әнін, Б.Ке­рімбаев «Көзімнің қа­расы» әнін көрермен назарына ұсынды. Шәкәрім атындағы Се­мей мемлекеттік уни­вер­си­тетінің студенттері Е.Амангелді, Н.На­уар және Ү.Қонысбек Әр­хам­ның «Зағипа» поэмасынан үзінді оқыды. Республикалық Абай қорының президенті, Абай­дың жиені Б.Ерсәлімов Әрхам ақын туралы естеліктер айтып берді. Әрхамның ұр­па­ғы, Мінәш Әрхамқызының ұлы Р.Бай­зақов анасы, нағашысы ту­ралы естелік айта келіп, Мі­нәш Әрхамқызының әкесі жай­лы естелігі мен Әрхам Кә­кі­тайұлының қолжазбасын мұ­ражай қорына тапсырды. Кеш қонақтарына ақынның өмірі мен шығармашылығына ар­нал­ған бейнекөрсетілім және кітап көрмесі көрсетілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста