Артиндустрия артта қалмақ емес....

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Мәдениеттің түп негізі, мәйегі – халықтың қолданбалы сәндік қолөнер туындылары. Көрер көзге әсем туындылар адамның еңбек қабілетін, ой-санасын жетілдіріп, жанын ләззатқа бөлейді. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары халықтың қолдан жасалған дүниелерге, сыйлықтарға, кәдесыйларға, әшекейлерге қызығушылығы арта түскен. Бұған дәлел жыл сайын елімізде ұйымдастырылатын «Артиндустрия» көрме-жәрмеңкесіне қатысушылардың да, келушілердің де қатары көбейе түскені. Биыл да жылдағы дәстүрмен Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 3-6 сәуір аралығында аталмыш көрме «Шығармашылық маусым» компаниясының ұйымдастырылуымен өтіп жатыр. Көремеге «Алаш айнасы» тілшілері де барып, көздің жауын алатын әсемдікті көріп қайтты.


«Ариндустрия» көрмесі – Орталық Азиядағы Халықаралық көркемсурет және дизайнерлік жұмыстар, бейнелеу өнері саласындағы ең ірі көрме-жәрмеңке. «Жыл сайынғы дәстүрлі жобаға қатысушылар, шеберлер, шығармашылық адамдар мен ұйымдар көбейіп келеді. Осы орайда «Артиндустрия» жобасының тақырыбы да кеңейе түсуде» дейді ұйымдастырушылар.


Көрмеге қойылған қолөнер жұмыстары жоғары сапасымен, өзіндік орындалу шеберлігімен және төлтумалығымен ерекшеленеді. Сондықтан да олар көпшілік арасында бүгінде кеңінен танымал және сұранысқа ие. Арт-көрмеде қазақстан қолөнер шеберлерімен қатар Ресей, Сербия және Орта Азия елдерінің қолөнер саласындағы 300-ден астам шебер, суретші және фотосуретші, басқа да шығармашылық иелерінің туындыларын тамашалауға болады. Көрмеде сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі жанрлары қамтылған. Айталық, көрмеге суретші-қуыршақ жасаушылардың интерьерлік және коллекциялық қуыршақтары, пластиктен, киізден, әйнектен әзірленген авторлық жұмыстар, бейнелеу өнерінің туындылары, графика, кескіндеме, сурет, мүсін, сәндік өрнектер: фотосуреттер мен сандық өнер, авторлық қыш, арт-текстиль, тауарлар, декораторлар мен дизайнерлердің жұмыстары, бейне-арт, боди-арт секілді бағыттардың бұйымдары қойылған.
Көрме күндері қазақстандық және ресейлік суретшілердің және шығармашылық пен қолөнерге қажетті материалдар мен құралдар шығаратын фирмалардың оқу форумдары, тұсаукесерлері, шеберлік кластары жұмыс істеуде.


Тимур НҰРТАС, фотограф:
– Мен кәсіби фотограф емеспін, фотоға түсіру менің хоббиім. Мен әлемнің әр түкпірінде түсірген суреттерімді осы көрмеге қойып отырмын. Камчатка, Африка, Чили, Бразилия, Аравия алқабы, Аргентина, Исландия, Гренландия, Қытай, Италия және басқа да жерлердің суреттері бар. Бұл өте қымбатқа түсетін қызығушылық әрі өте күрделі жұмыс. Болашақта кәсіби көрмеге қатысу ойымда бар. Кәсіби көрмемеде мен қазақстанның өте сұлу табиғатын түсірген суреттерімді көпшілік назарына ұсынбақпын.


Көрме барысында фотограф Александр Ерғазиннің фото-форумдарына, «ВТ» театрның жетекшісі Айгүл Сұлтанбекованың авторлық трренингтеріне, суретшілер мен шеберлердің шеберлік-кластарына қатсысуға болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақта артиндустрияның дамуы барынша қарқын алмақ. Өйткені болашақта бұл сала сауданың жүруіне ықпал етеді. Қазірдің өзінде көрмеге келген көрермен өзіне немесе жақындарына сыйлық алмай кетпейді екен. Аталған көрмеде байқағанымыз шеберлердің көпшілігі осы өздері жасаған өнер туындыларыментабыс табатын көрінеді.


Ирина СҰЛТАНОВА, қолөнерші:
– Менің негізігі мамандығым тігінші. 1996 жылдан бастап арнайы курстар оқып,  сәндік бұйымдар жасаумен айналыса батсадым. Мен кәсібім жаныма өте жақын және бұл менің ең басты табыс көзім. Жылдан жылға сатуып алушылардың саны артып келе жатқандығы мені қуантады.

Лариса СТАРЧИКОВА, қолөнерші:
– Мен норвегиялық Тильда қуыршақтарын жасаймын. Олар отбасының қорғаушысы деп саналады. Кейбір қуыршақтар адамдар көп жиналатын бөлмелерге ілінеді. Олар үйге келетін қонақтардың жақсы энергиясын өзіне қабылдап алады. Кейбір қуыршақтар ұйқының тыныштығын қорғайды, енді бірі саяхатқа шыққанда қорғаушы болады деген сенім бар. Бұлар негізінен интерьерлік қуыршақтар. Дегенмен балаларға да ойыншық ретінде қолдануға болады. Олар табиғи  материалдардан тігіледі. Жылына екі арнайы каталогтары шығып тұрады. Өз басым Норвегиядан арнайы мата алдырып тігемін.   

«Артиндустрия» көрмесінің ерекшелігі мұнда қазіргі заманға лайықталған көлөнер тундыларын көруге, оларды жасап үйренуге, сатып алуға болады. Қазіргі таңда адамдардың жоғарғы талғамына сай әсем заттардың барлығын, аксесуарлар, интерьерге қажетті заттар,әшекей бұйымдарды осындай көрмелерден кездестіруге болады. Бүгінде көптеген талғамы жоғары жандар үйлерін арнайы дизайнердің көмегімен жабдықтауды әдетке айналдырған. Демек, артиндустрия артта қалмақ емес. Сондықтан болашақта қолөнерге икемі бар балаларымыздың қабілетін жетілдіргеніміз жөн-ау деген ой түйдік көрмеден.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста