«Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияровтың зайыбы Майамиде қыз босанды, деп хабарлады www.super.ru.
Отбасына қуанышты хабар Ғашықтар күні қарсаңында келіп жетті. 13 ақпан күні 45 жастағы медиаменеджердің зайыбы Майамидегі беделді клиникалардың бірінде салмағы 3 030 грамм және бойы 52 сантиметрлік қыз босанды.
Кристина Орбакайте және басқа да көптеген ресейлік шоу-бизнес жұлдыздары сонда босанған болатын. Арманның отбасындағы бұл төртінші бала, ерлі-зайыптылардың бұдан басқа 10, 8 және 5 жастардағы үш ұлы бар. Көпбалалы әке бұл жөнінде SUPER сайтында «Мен ең бақытты әкемін!» деп өзінің қуанышымен бөлісті.