Сейсенбі күні Қарағанды жұртшылығы «Жұлдызды сәт» байқауында бас жүлде - 5 млн теңгені жеңіп алған Арман Қарынсауды күтіп алды. Күтіп алушыларға риясыз алғысын жеткізген Арман бұл қаржыны денсаулығын түзетуге жұмсайтынын айтты. Мыңнан тұлпар шыққан Арман Қарынсау осыдан алты жыл бұрын көлік апатына түсіп, арбаға таңылған еді. Мүшел жасында көлік қағып кеткен баланың ендігі арманы – аяғынан тік тұру.
Арман Теміртау қаласында тұрады. Ата-анасымен осыдан оншақты жыл бұрын Өзбекстанның Тамды ауылынан Теміртауға табан тірепті. Теміртаулықтарға Арман етене таныс. Бұған дейін бірнеше байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Былтырғы жылы Арман металлургтер мекенінде шығармашылық кешін өткізген болатын. Енді талантымен топ жарған Арманның арманы орындалар шақ та алыс емес секілді. Өмірге, өнерге құштар жас Алла жазса, әлі өнер додасында озық шығарына күмән жоқ.
Арман ҚАРЫНСАУ, «Жұлдызды сәт» байқауының жеңімпазы:
– Баршаңызға рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз арқылы мен жеңімпаз атандым. Ал 5 миллион теңгені денсаулығымды түзеуге жұмсаймын. Өмірімді өнермен байланыстырғым келеді. Маған үміт артып, дауыс берген барша тыңдарманға айтар алғысым шексіз.
Әншіге қолдау көрсеткен Қарағанды облыстық Жастар саясаты басқармасы, «Жас Отан» Жастар қанаты.
Арман арманына қол жеткізді
Последние статьи автора