Жыл қорытындалар шақта, ақпарат айдынына жол тартқанына бір жыл толған газетіміздің жеңісті де жемісті қадамдары айқындалуда.
Кеше «Қазақфильм» киностудиясына қатысты қазақ кинематография саласының көрнекті қайраткері Ш.Аймановтың аты берілуінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған БАҚ арасындағы байқаудан газетіміздің мәдениет бөлімінің тілшілері Роза ҚАРАЕВА мен Айнұр СЕНБАЕВА үздік мақала иелері деп танылып, арнайы жүлделермен марапатталды.
Қазақстан қор биржасы үстіміздегі жылы еліміздің қор нарығын БАҚ-та асқан кәсіби шеберлікпен насихаттаған баспасөз өкілдерін арнайы сыйлықтармен марапаттады. Газетіміздің Экономика бөлімінің тілшісі, белгілі журналист Анар Қуанышбекова осы орайда «Ең үздік қазақтілді журналист» номинациясын иемденді.
«Алаш айнасының» абыройын асқақтатқан әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жылы да осындай табыстарға жете берсін деп тілейміз.