«Ақжелең» мысырлықтарды тәнті етті

Атырау облысының «Ақжелең» халықтық фольклорлық ансамблі Мысыр елінде өткен өнер фестивалінен табысты оралды.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің бас­­пасөз қызметі хабарлағандай, 21-25 сә­уір аралығында Каир қаласында Еги­пет­тің Мәдениет министрлігінің қолдауымен ба­рабаншылар мен дәстүрлі өнердің ха­лықаралық фестивалі ұйымдастырылған бо­латын. Қазақстандық өнер ұжымы ше­тел­дік көрермендерді шеберліктерімен тән­­ті етті. «Ақжелең» репертуарында Құр­ман­­­ғазының «Адай», «Балбырауын», Н.Ті­лен­­диевтің  «Махамбет», Динаның «Әсем қо­ңыр», С.Құсайыновтың «Мере­ке», ха­лық әні «Дедімай-ау» сынды ұлттық нақыштағы шығармалар бар.
Қазақстандықтардың өнері египеттік қо­ғам мен БАҚ тарапынан үлкен қыз­ы­ғу­шы­лық тудырып, ыстық ықыласына ие бол­ды. Осы ретте қазақстандық әртістердің қо­йылымдары жергілікті қауымды қазақ хал­қының музыкалық шығар­ма­шы­лы­ғы­мен таныстыруға үлкен септігін тигізді деу­ге болады.Осынау үлкен шараға Түркия, Үн­д­істан, Әзірбайжан, Бангладеш, Грекия, Қы­тай, Колумбия сынды әлемнің 26 елдерінің фольклорлық ансамбльдері мен би ұжымдары қатысқан. Өнер ұжым­да­рының қойылымдары Салах ад-Дин ци­та­делі мен мәмлүк сұлтаны Әл-Гури кешені секілді Египет астанасының әйгілі тарихи жерлерінде, сондай-ақ атақты Каир опера театрында өткізілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста