Ақындар Тәуелсіздікті жырға қосты

Ақындар Тәуелсіздікті жырға қосты

«Бабалар аңсап өткен асқақ арман...». Өскеменде дәл осындай атпен оқушылар айтысы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған шара қалалық жасөспірімдер кітапханасында болды. Айтысты ұйымдастырған – облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен облыстық балалар құқын қорғау департаменті.
Жыр додасына қала мектептерімен бірге облыс өңірінен төрт жұп ақын, яғни сегіз оқушы қатысып, бақтарын сынады. Айтыстың тақырыбы Тәуелсіздік жайлы болғандықтан, ақындарға осы тақырыпты жырлау басты шарттардың бірі болды. Талапты орындап бағуда өрендер алдарына жан салмады.
Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, ақындардың ең кішісі 5-сыныпта оқыса, енді бірі 10-сыныпта білім алып жатыр. Ерекшелігі – сол жас таланттар «мен үлкенмін, сен кі­шісің» деп бекерге қарап тұрмай, сөз сайысында барынша сынға түсті. Бір-біріне қолма-қол жауап қайтарысып, әдемі ой, қағытпа қалжыңмен кезектесе айтысуы, қазылар алқасын қуантты. Демеуші көрер­мендер де бұл күні залға көптеп жи­налды.
Жыр сайысының қорытындысында бас жүлдені Жамбыл атындағы мектеп-гим­назиясының оқушысы Қуаныш Еркін иеленсе, бірінші орынды тарбағатайлық Тілеужан Әбенов алды. Екінші орынға табан тіреген Шындос Жанболатұлы (№16 орта мектеп оқушысы) болса, үшінші орынды Айым Тоқтасынова (№20 орта мектеп оқушысы ) жеңіп алды.
Өз кезегінде көрермендер тарапынан жас ақындардың делебесін қоздырып, балалар айтысын жандандыра түсер ша­ралар жиі қолға алынып тұрса деген тілек-ұсыныстар айтылып жатты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста