"Ақындар ауылда туып, Алматыда..."

Мархабат Байғұт

Есімі елге танылған, айтулы азаматтардың көбінің шыққан түбі ауыл. Киелі алтын бесік, тұғырлы туған жерден түлеп ұшқан таланттардың рухани астанамыз Алматыға шоғырлануын қалыпты құбылыс деп қарастырған дұрыс та шығар. Ауылдағы аңқылдаған ағайын «біздің ауылдан пәлен деген ақын, түген деген ғалым шыққан» деп саусағын санамалап, бөркі дағарадай болады. Бірақ сол пәлен деген ақыны «менің мынадай ауылым бар» деп мақтана алар ма екен? Астанаға барған соң кіндік қаны тамған ауылын тарс ұмытып кететін ағаларымыз да жоқ емес. Барларының өзі. Олар жасамыс тартқан шағында мерейтойларын өткізуге ғана келетін сияқты. Қалай болғанда да ұлт зиялыларының ауылдан қол үзіп қалғандары аз емес. Біздің міндет - ауыл-ауылдағы мәдени ортаның ошағының отын көсеу, «Алаш айнасы» тілшісі Астанадағы ағаларымыздың ауылдағы қиялы қиянға шарықтаған өрендерінің санасына серпіліс түсіруіне сеп болуды көздейді...

Ауылда отырып-ақ астананы мойындатқан, көзі тірі классиктердің бірі, жазушы Мархабат Байғұт өз ойын былайша өрбітті:
–Өнер, мәдениет қайраткерлерінің ірілісі бар, ұсағы бар дегендей ауылдарына мерейтой өткізуге ғана келетіндері рас. Бірақ, бәрі сондай деуге болмайды. Олардың арасында да үнемі ауылымен байланыста болатын, үлкен мәселе көтеріп жүргендері бар. Тойлауға да, ойлауға да, жұмыс істеуге келетіндері де баршылық. Мәселен мен білетіндердің бірі – Дулат Исабеков. Ол кісі үнемі ауылының жағдайын біліп, түйіні тарқатылмаған мәселелерін шешіп беруге белсеніп жүреді. Туған жерге деген сүйіспеншілікті Дәкеңнен үйренуге болады. Енді әркімнің деңгейіне, пиғыл, пейіліне байланысты ғой. Әркім өз туған жерінде тұрып, жұмыс істесін деуге де болмайды. Рухани астанамыз Алматыда тұрып, шығармашылықпен айналысқан да дұрыс. Астана қаласына да барып жатыр. Сарыарқа киелі топырақ қой. Онда да мәдени орта бірте-бірте қалыптасар. Бізден барады, Алматыдан барады дегендей. Негізінен Алматы зиялы қауымның, зияткерлік-интеллектуалдық ортаның үлкен орталығы болып қала береді.
–Мәдени ортаның шығармашылыққа тигізер әсері бар ма?
–Әрине, онда Қазақстан Жазушылар Одағының, Суретшілер, Журналистер Одағының шоғырланған ордасы. Ғ.Мүсірепов, Ғ. Мұстафиннің кезіндегідей мықты болмаса да, қалам ұстап жүрген қауымға тигізер пайдасы бар. Әдеби орта дегенге де әртүрлі көзқарас бар. Мәселен, біреулер «әдеби орта – менің кітапханам. Бұрынғы өткен классиктермен сырласам» дейді. Кейбіреулер басқосулардың өзін менсінбейді. «Әдеби орта өзім» дейтіндері де бар. Қалай болғанда да, үлкен жазушылар, ақындар жиі-жиі басқосулар өткізіп тұрады. Шығарма талқылайды, пікірлеседі. Бұл басқосулар – ой қозғайды, қалам қозғайды.
–Өзіңіздің Алматыға кетсем деген арманыңыз болды ма?
–Әрине, арман қала Алматыға кетсем деген ойым болған. Алатаудың баурайында тұрсам, бетон үйдің 2-ші не 3-ші қабаты да жетер еді. Бір газет-журналда жұмыс істесем, докторлық қорғасам деген қиялдарым болды ғой кезінде. 25 жастан 40-қа дейін. Тағдырдың бұралаң жолы бұйыртпады ғой деймін. Ауылда қалдық. Қазір кеш қой енді.
–Туған ауылыңызға қандай көмек көрсеттіңіз?
–Өзім Қазақстанның барлық ауылдарын жақсы көрем. Әр облысқа барғанда соның шалғайда жатқан бір ауылын көріп кетуге тырысамын. Ауылдың патриотымын. «Ауылдар жойылады, болашағы жоқ» дейтіндерге мүлдем қарсымын. Өзім Түлкібас ауданының Пістелі ауылында туып өстім. Хрущевтың саясаты кезінде 150-дей түтіннен 30-ы ғана қалған шағын ауыл. Клубы бар, бастауыш мектебі бар. Онда Шерхан Мұртаза мен Нәсір Фазыл бастаған жазушылар барып еккен бау бар. Клубы салынып, бітпей қалған еді. Қирап бара жатқан соң аз ғана қаржы бөліп соны бітіруге көмектестім. Өзімнің екі ешкім бар еді. Соны сойып асарлатып, жәрдем бердім. Пәлендей қамқорлық жасадым дей алмаймын...
Біз көтерген әңгіме бойынша әнші Нұрлан Өнербаев та өз ойын ортаға салды.
–Ауылда жүріп талантыңды таныту қиын, әрине. Өнеріңнің өрлеуіне, ән әлемінде өзіндік қолтаңбаңды қалыптастыруыңа астананың тигізер әсері мол. Менің міндетім - өнерге қызмет ету. Ал өнерді ана ауылдікі, мына ауылдікі деп бөліп қарауға болмайды. Менің өнер өлкесіндегі еңбегім – бүкіл қазақ ауылдарына, оның ішінде менің де ауылыма, туған жеріме деген үлкен махаббаттан туған дүние. Ауылды дәріптеу басты мақсатым. Менің орындап жүрген әндерімнің ішінде ауыл туралы, атамекен туралы әндер көп...
Ауылға өте жиі барып тұрамын. Үлкен кісілермен пікірлесіп, мұң-мұқтажын тыңдаймын. Ауылға көпір, жол салып беретіндей бүгінгі заманның олигархы емеспін. Дөңгелетіп отырған жеке кәсібім де жоқ. Қазір ойымда жүрген мақсаттарым бар. Соны өткізе алсам, жеткізе алсам арманымның орындалғаны. Оңтүстік Қазақастан облысы, Төлеби ауданының Қазақстан деген ауылында туып өстім. Ауылым жыл өткен сайын өсіп, өркендеп келеді.

P.S Ауылда жүріп рухани ортаның керегесін кеңейтуге ұйытқы болып жүрген таланттылар тапшы емес. Дегенмен... Ұлт зиялыларының Алматыға шоғырланып алып «өйту керек, бүйту керек» деп құрғақ ақыл айтуы құмды жерге шыбық шаншығанмен бірдей. Аға буын мен кейінгі толқын арасындағы рухани сабақтастық үзіліп барады. Алдыңғы арбаның соңынан сонарлы соқпақ салып астанаға бет түзеу емес, дұрысы өз өлкесіне өзегін жұлып берердей жаны ашитын, дарынды жастарды тәрбиелеу. Қатарға қосу, қолдау көрсету. Айтарымыз – осы...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста