Ақын жүрегі жырлаған кеш

Былтырғы жылы еліміз ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық тойын республика бойынша кең көлемде атап өткені белгілі. Мерейтойлық шаралардың заңды жалғасы ретінде биыл да еліміздің әр өңірінде ақын құрметіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жақында ғана  Алматыдағы Оқушылар сарайында «Жырлайды жүрек» атты III республикалық байқау өз мәресіне жетіп, қазақтың қара өлеңін ұлықтаған әдеби-сазды кеште Қазақстан Жазушылар одағында және Студенттер сарайында мәнді де мазмұнды сипатта болып өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын 9 ақ­пан – Мұқағалидың туған кү­нін­де Жазушылар одағында шығармашыл жас­тардың қатысуымен «Жырлайды жү­рек» атты поэзия кеші ұйым­дастырылып ке­­леді. Бұл жолы да ақынның туған күнінде ал­дымен таңғы сағат 10.00-де  Алматыдағы ескерткіші алдында гүл шоқтарын қою рәсімі болып, Мұқағалидың көзін көрген қаламгерлер естелік айтып, сонда жи­нал­ған жастар өлең оқиды. Осы бір игі дәс­түр­дің жыл сайын түрленіп, дамып келе жат­қан­­дығын айта кеткен жөн. Қазақ поэ­­­зиясын төрге оздырған бұл кеште ақын­ның жырлары оқылып, өлеңдеріне жа­зыл­ған әндері орындалды. Кешке қазақтың талантты ақындары мен танымал эстрада жұлдыздары қатысты.
Аталған шарадан кейін Мұқағали ақынның  бай шығармашылығын арқау еткен үлкен концерттік шара 11 ақпанда «Соғады жүрек» деген атпен Студенттер сарайында табысты өтті. «Хантәңірінің мұз­балағы» атанып, қара өлеңнің қара на­рына айналған ақын шығармашылығын ар­қау еткен осынау ән-жыр кешін Қа­зақ­стан Жазушылар од­ағы, «Еламан» продюсерлік орталығы және «Халықаралық Мақатаев қоры» бірлесіп ұйым­дастырды. Концерттік шараға белгілі қаламгерлер мен қазақ өнерінің жарық жұлдыздары қатысты.
Ақиық ақынның әдеби мұрасын сазды әуенмен әспеттеп, өлеңдерінен театрлан­дырылған көрі­ніс­тер ұсынған кеш бағдарламасы алдында ке­лу­ші­лерге Мақатаевтың өмірі мен шы­ғарма­шылығына бай­ланысты арнайы фотокөрме ұсынылды. Ақынның сөзіне жазылған әндердің арасында ұсынылған көріністерді Т.Жүргенов атындағы Өнер ака­де­мия­­сының талантты жастары орын­дап шықты.  Көрмеде ақын өмі­рін көз алдыңа алып келетін си­рек суреттер мен кешегі дүбірлеп өткен 80 жылдық мерейтойдың есте қал­ған ерекше сәттері бей­не­лен­ген. Бір күнде екі мәрте өткізілген концертке ха­лық та көп жиналды. Ақын шы­ғар­машылығын өзек еткен бұл кон­церттік бағ­­дар­ла­маны «Қазақстан» ұлт­тық телеарнасы бас­тан-аяқ түсірді. Қалың көпшілік кештің барысын ал­дағы уақытта осы арнаның эфирінен көретін болады. Бұл әдеби-сазды концерттік кеш дәстүрлі түрде келер жылы да халыққа ұсынылатын болады.
Жеңіс ЫСҚАБАЙ (фото)


Бақытгүл Қыдырбайқызы, М.Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың президенті:
– Биылғы ұйымдастырған концерттік бағдарламамызда бүған дейінгі жіберген қателіктерді қайталамауға тырыстық. Бұл жолы Мақатаев қоры бар жауап­кер­шілікті тікелей өз мойнына ал­ды. Алдын ала сценарийін тиісті адам­дармен ақылдасып, сах­наның ақындық рухқа сай безендірілуіне аса мән беріп, Әсия Малимова сынды талантты режиссерлермен бірге театрландырылған поэтикалық көріністер әзірледік. Сахналық декорацияны кітап пен қалам түрінде жасатып, жарық эффектілерін де орайлы пайдаландық деп ойлаймыз. Бұған қоса, Студенттер сарайының фойесінде ақын өмірінен сыр шертетін бірнеше тақырыпты қам­тыған үлкен фотокөрме дайындадық. Осы жұмыстардың бәріне қор мүшелері бір кісідей атсалысты. Жазушылар одағы мен «Еламан» продюсерлік орталығы да концертіміздің ойдағыдай өтуіне көп септігін тигізді.


Айтмұхан Сқақов, «Еламан» продюсерлік орталығының жетекшісі, продюсер:
– «Соғады жүрек» әдеби-сазды кешін мүмкіндігімізше Мұқағали атына сай етіп өткізуге күш салдық. Про­дю­сер ретінде бұған дейін де «Нау­рызнама» сияқты түрлі дең­гейдегі үлкенді-кішілі кон­церттерді ұйымдастыруға мұрындық болғанмын. Бі­рақ бұл жолғы концерттің артар жүгі өте ауыр болды. Бүгінгідей бірінен-бірі аумайтын кештер көбейген уақытта тың дүниелер жасап, жаңаша шешімдер қабылдау оңай емес. Шара барысында жа­ңа шығармалар мен жаңа есімдерді шығаруға ұм­тылдық. Бірыңғай ән болып кетпесін деп, сце­на­рий­ге поэзия, сахналық өнер мен пластикалық би түр­лерін енгіздік. Дегенмен концертті ұйымдастырған шы­ғармашылық топ біраз ізденістерге барып, нә­тижесінде көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста