Ақын зиратында мал жайыла беретін болды

Ақын зиратында мал жайыла беретін болды

«Алаш айнасының» 5 мамыр күнгі санында («Ақын зиратында мал жайылып жүр», №67) Алаш ақыны Сәбит Дөнентаевтың Семейдегі зираты осы күні күлтөбеге айналып бара жатқаны жайлы мәселе қозғалған болатын.
Бұдан Семей қаласы басшы­лығы газет оқымайды, немесе оқы­са да «көрмес түйені де көр­местің» кейпін танытуда деп ой түюге болар еді. Ақынның зираты мен ескерткіші сол апатты жағ­дайда тұрғаны тұрған. Биыл се­мейліктер Сәбит Дөнентаевтың 115 жылдығын қыркүйек айында атап өтетінге ұқсайды. «Ұқсайды» дейтініміз, соның нышаны ең ал­дымен ақын зиратын ретке келті­ру­ден басталу керек еді ғой. Алайда селт еткен шенеунікті, елп еткен елді көрмедік. Қайта Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Құс­миля Нұрқасым ақын зираты жөн­делмей-ақ тойлауға болатынын айтып отыр.
Осындайда семейліктер сірә, бір кезде Сәбит Дөнентаев атына көше атын бергенге тоқмейілсіп жүр ме деген ой қылаң береді. Қа­лалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгеру­шісі Зәкия Қонысбаеваның ай­туын­ша, Семейде Сәбит Дөнен­таев атына көше 1964 жылы 18-желтоқсанда беріліпті. Өкініштісі сол, бүгінгі зиялы қауым өкілдері де, шенеуніктер де ол көшенің қай ауданда орналасқанынан бейха­бар болып шықты.
Ал ақын зираты Шығыс посел­кесінен шыға берісте орналасқан. Ол жерге жету де бір қиямет. Ма­зарға апаратын жолдың бойы қазір күлтөбе. Зираттың айнала­сы­на төгілген қап-қап коқысқа ит-құс әбден үйір болып алған. Ақын зи­раты құлаудың аз алдында тұр­ған жер үйдің іргесінде тұр. Бұл күн­дердің күні құдды Сәбит ақын дүниеде болмағандай, оның да үйін күл басатындығын аңдатса керек. Сонда семейліктер Сәбит ақын­ның 115 жылдығын не беті­мен тойлағалы жүр деген сауал өз-өзінен туындайды. Ең құры­ған­да зират басын жөндеуге жа­ра­маған соң бұл тойдан қандай ой түюге болады?

Мұрат Сұлтанбеков, жазушы:
– Шыны керек, тұрғындардың көбі  бұл кісінің зиратын былай қойғанда, өзін де білмей жатады. Өзім кейде зират ор­тасымен өтіп бара жатқан адамдардың ақын басына бұрылып, құран бағыш­та­ғанын көргенде кәдімгі жас баладай қуа­намын. Ал ақынның туыстары жайына кел­сек, ол кісінің ет жақындары Павлодар жақта шығар. Семейде туыстары барын естімедім.
Әйгерім Аюпова, тұрғын:
– Біздің үй Сәбит ағамыздың маза­ры­мен қатарласа орналасқан. Түнгі уақытта бұзақылар келіп, зираттың темір қор­шау­ларын, орна­тылған жарты айды, тіпті кір­піштерді де бұзып жымқырып кетеді. Тіпті осы зираттың ортасында бірнеше рет мал баққан адамдар жүрді. Содан бірден учас­келік полицияға хабар бердім. Кейіннен ғана тыйылды. Оның үстіне мола маңында тілсіз жау талай рет орын алды. Бұл жерді бұзақылардың орны десе де болады. Үйіміз ескі, алты балам бар. Бәрі кәмелетке де толмаған. Өзіміз «шықпа, жаным, шық­памен» отыр­мыз...
Құсмиля Нұрқасым, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
– Біз Сәбит Дөнентаевтың 115 жыл­ды­ғын қыркүйек айында қала деңгейінде атап өтеміз. Сәбит Дөнентаевтың кейінгі ме­рейтойы республика көлемінде өтетін шығар деп ойлаймын. Олжас Сүлейменов басына құран оқып кеткеннен кейін асы­ғыс, апыл-ғұпыл басы көтерілген. Бізде ұмы­тылып кеткен Кемпірбай-Нар­кемпір­бай­дың зираты қазіргі ет комбинатының ас­тында қалған. Оның орны да жоқ. Он­дай оқиғалар қазақтың тағдырында көп. Осы сияқты адамдардың зиратын қайта жаңғырту – уақыт еншісінде. Бәрі бір күнде жасалмайды. Біз күзде, қыркүйек айында әдеби кеш өткізе­міз. Ал басын жаңартуға болмайды. Ол жоспарда да жоқ. Өйткені қаражат тапшы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста