Ақылды әжелер азайып барады

Тегінде, ұлттың жанашыры – ардақты аналар. Туған жерге деген мейірім мен құрмет тек ана сүтімен беріледі. Қай заманда болсын, тіпті жаугершілік кезінде де бала тәрбиесін бірінші орынға қойған халықпыз. Бұл – дәлелденген нәрсе. Бүгінде «бала тәрбиесі» дегенде қынжылатын тұстарымыз басым.

Әдеттегі жұмыс күнім аяқталып, микро-автобусқа отырғанмын. Ішінде ине шаншар жер жоқ. Кенет алдымдағы босаған орындықты жанымда түрегеп тұрған қарт анаға ұсындым. «Жұмыстан шаршап келе жатырмын. Бала адамды шаршатады, бір бала бір кемпірді өлтіріпті деген рас-ау деймін» деп кейіді үлкен кісі. «Немерелеріңіз көп пе?» деп сөзге тарттым. «Иә, бірақ мен немерелерімді айтып тұрғаным жоқ, өзім бала күтушісі болып жұмыс істеймін. Екі отбасының баласына қараймын. Алатын жалақым да аз емес». «Ал немерелеріңізге кім қарайды?» деп әңгімеге араласты жанында отырған елулер шамасындағы ер кісі. Апа болса «Ой, олар «әжеміз ұрсады» деп өзіңе реніш білдіреді. Сондықтан немеремнің өзіне жеке күтуші жалдадым. Оның ақысын жалақымның жартысынан алып, өзім төлеймін. Мен ғана емес, көршім де солай етеді» деді. Шыдай алмадым. «Бәріміз де әженің тәрбиесін көріп өстік. Ұрысса да, тіпті ұрса да өзінікі өзіне білінбейді ғой» дедім. Жұрттың бәрі біздің әңгімемізге құлақ түріп қалыпты. Соны байқаған апа «Қазіргі бала да, келін де өзгерген, олар біздің ісімізді жақтыртпайды» деп ақталғансыды. Жолаушылардың көбісінің оған наразы екендіктері түрлерінен көрініп тұрды. Мені апаның сөзі қатты ойландырды.
Сонда әженің ертегісін естіп, ақылын тыңдамаған немере ертең қартайғанда әке-шешесіне, ата-әжесіне қандай құрмет көрсетпек? Үлкеннен өнеге көрмеген баладан не қайыр, не үміт?! Бала тәрбиесін ақшамен өлшеуге болмайтынын алпысты алқымдаған ана неге түсінбейді?! Алаш кемеңгері Ахмет Байтұрсыновтың «Балам деген ел болмаса, «елім» деген бала қайдан болсын?!» деген сөзінен-ақ ұрпақ тәрбиесіне немқұрайды қарауға болмайтыны аңғарылып тұр емес пе?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста