Ақылбекке "Қызыл өрік" қанша табыс әкелді?

...Қызыл өрік, қызыл өрік,
Сүйіп қалдым сені көріп.
Қызыл өрік, қызыл өрік,
Қойшы маған көңіл бөліп, деп келетін көңілді ән ойналса, биге икемі жоқ жандардың өзі дөңгеленіп билеп кетеді. Тойдың хитына айналған «Қызыл өрік» Ақылбекті тойдың короліне айналдырды. Өзіне сәттілік әкелген осы ән арқылы Ақылбек қанша табыс тапты? Дәл осы сұраққа Ақылбек Жеменей «Comode» журналына берген сұқбатында айтып берген еді.

Ақылбек Жеменейдің айтуынша, ол «Қызыл өрік» әні соншалықты халықтың көңілінен шығып, хит болады деп ойламаған. «Кейінгі кезде қазақ эстрадасында шетелдік әндерді қайталап орындау сәнге айналды емес пе. Мен де осы әдіспен ән айтып көрейін дедім. Әннің оригинал нұсқасы «Қызыл өрүктің» негзігі орындаушысы Мирлан Алықұлов атты қырғыз әншісі. Мирлан осы әнге авторлық құқық туралы патент алған соң ол жақында Алматыға келді. Екеуміз шығармашылықта ары қарай бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімшартқа отырдық. «Қызыл өрік» – менің репертарымдағы өзге елден алынған бірінші ән.

Әнде жас жігіттің қызыл көйлекті аруға ғашық болғаны туралы айтылады. Ұнатқан қызының есімін сұрауға батылы жетпеген жігіт оны «Қызыл өрік» деп атайды. Біз әннің мәтінін ғана аудардық, ал әуені өзгеріссіз қалды. Қазақ тіліндегі мәтіннің авторы белгілі ақын Ринат Зайытов.

Әннің мәтіні де, әуені де өте қарапайым, жеңіл. «Қызыл өрік» әнінің көпшілікке ұнағаны да осыдан шығар. Әннің шыққанына 3 жыл болды, мен қазір бұл әннің халықтың жүрегінен орын алғанын нық сеніммен айта аламын. Осы әнді халық тыңдайды, бірге шырқайды, тойларда билейді, шаттанады. Ең бастысы, халық бұл әннің өз тойларында орындағанын қалайды. Әншіге бұдан асқан құрмет бар ма?
Ақылбек Жеменейдің «Қызыл өрікке» дейін де қазақша жақсы әндері болды, «Қызыл өріктен» кейін де әндері жазылып жатыр. Бірақ әншінің танымалдығын арттырып, халықтың алдындағы жауапкершілігін сезіндірген де, әншіні табысқа кенелткен де осы – «Қызыл өрік».

Әнші «Қызыл өріктің» арқасында біраз байып қалғанын жасырмайды. «Көлік алдым, баспаналы болдым, өзімнің жеке дыбыс жазу студиямды аштым», дейді әнші. Демек, табысы жаман емес. Қазақ шоу-бизнесінде тойдың рөлі өте маңызды екенін ескерсек, талай әншінің қалтасын қампайтқан қазақ тойы барда, әлі талай той хиттері туатыны белгілі. Ал Ақылбектің репертуары концертке және тойға арналған әндерден тұрады. Өйткені әнші той әндеріне қашанда сұраныс жоғары болатынын айтады. Сондай-ақ Ақылбек шетелдің әндерін қазақшалап айтуға да оң көзқараспен қарайды. Тек авторлық құқықты сақтауға мән берген жөн екенін айтады ол. Әншінің ойынша, кейбір әнге қазақша әр беріп, өзгеше өңдесе әннің екінші тынысы ашылып, жаңаша шырқалады.
Бүгінде әнші өзінің репертуарын толықтыра түсу мақсатында еңбек етіп жатқан көрінеді. Өйткені әнші өзін халық тек бір әннің орындаушысы ретінде қабылдағанын қаламайтынын айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста