Ақтабан шұбырынды заманындағы сауыт табылды

Tengrinews.kz (фото)

Археологтар Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан Ақтабан шұбырынды заманына тиесілі кеудеге киетін сауыттарды тапты. Көне жәдігерлер елді-мекеннен 250 шақырым қашықтықтағы шөл даладан табылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сауыттар ХVIII ғасырда, шамамен 1710-1730 жылдары жасалғанын Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Александр Подушкин болжауда. Бұл жылдары қазақтардың жоңғарлармен арада болған соғыстың салдарынан туған жерлерін тастап, жер кезіп кеткен еді. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Ел басына күн туған аса қайғылы кезең орнаған болатын.
"Көптеген ғалымдар бұл кезеңді көшпелі бір ұлттың екінші ұлтқа қарсы жасаған геноциді деп те түсіндіріп жүр. Жергілікті ұлт өкілдері сырттан келген басқыншылардан алшақтау мақсатында Сырдарияны кешіп өтіп, сауыт табылған Қызылқұм шөліне барып, тұрақтаған болуы керек", - дейді Александр Николаевич.
Қазіргі таңда табылған көне заттарға байланысты түрлі тарихи болжамдар айтылып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. "Сауыттардың қазақ батырларына тиесілі екені анық. Себебі, мұндай шөлейтті алқаптарда жергілікті тұрғындар ғана тіршілік етуі мүмкін", - деп топшылайды ғалымдар.
Қызылқұмда жылдар бойы қой бағумен айналысқан бақташылар мұндай қару-жарақтар мен сауыт-дулығаларды шөл даланың әр бұрышынан кездестіруге болатынын айтуда. Осыны естіген архологтар алдағы көктем айларында Қызылқұмға экспедицияға шықпаққа бел буып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста