Ақсуда ақындар ардақталды

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Алматы облысы Ақсу ауданы өзінің 80 жылдық мерейтойын салтанатпен атап өтті.
Ақсу – қазаққа аты мәлім қобызшы Мо­­лық­бай, жыр жампозы Ілияс, сұлу сөз­дің иесі ақын Сара сынды саңлақтардың ту­ған то­пырағы. Сол себепті де айтулы ме­рейтой ая­сындағы шаралардың ең негізгісі ақын­дар айтысы мен республикалық мү­шәй­раның өтуі болды. Елдің өзге өңір­ле­рі­нен тойға арнайы келген қонақтар ал­ды­мен ақын Сара мазары басында ар­уақ­тарға Құран бағыштап, еңсесін қайта тік­тей бастаған қасіретті Қызылағаш ауы­лын­да болып, тасқын құрбандарына қо­йыл­ған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Той салтанаты осындай рәсімдерден соң барып өз жалғасын тауып жатты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақ­стан Жазушылар одағы мен Алматы об­лы­сы Ақсу ауданы әкімшілігі бірігіп, Ақсу ау­да­нының 80 жылдығына орай жазба ақын­дардың республикалық «Ағынды ме­нің Ақсуым» атты жыр мүшәйрасын жа­риялаған болатын. Сонымен қатар мереке ая­сында Алматы облысы мен Ақмола об­лы­сының ақындары арасында «Сараның сің­лілері – Біржанның інілері» деп ата­латын республикалық ақындар айтысы да дүр­кіреп өтті. Жыр мүшәйрасы аудан ор­та­­лығы саналатын Жансүгіров ауылындағы Мо­лықбай атындағы сарайда өтсе, ақын­дар айтысы ақын Сара атындағы жас­тар мә­дениет орталығында болды.
Ақсудағы алғашқы шараның нәти­же­сінде мүшәйраға қатысуға талпыныс жа­саған 60-тан астам ақынның арасынан 12 ақын суырылып шығып, жүлделі орын­дар­ды бөлісті. Жазба ақындарды сынаққа ал­ған бәйгеге қазақтың талантты ақыны Сә­кен Иманасов бастаған бір топ қа­лам­гер­лер қазылық етті. Сонымен, Ақсу ау­да­ны­ның 80 жылдығына арналған жазба ақын­дардың республикалық «Ағынды менің Ақсуым» атты жыр мүшәйрасының же­ңімпаздары болып төмендегі ақын­дардың есімдері жария етілді:
Бас жүлде – Бақыт Беделханұлы
Бірінші орын – Мақпал Мыса
Екінші орын – Бейбіт Сарыбай, Сағыныш Намазшамова
Үшінші орын – Алмат Исәділ, Саят Қамшыгер, Жақсылық Қалмұратұлы.
Ынталандыру сыйлығы – Рысбек Дәбей, Олжас Қасым, Бауыржан Әліқожа, Ерғазы Манапұлы, Мөлдір Айтбай.
Ал ағынды Ақсуды жырға қосқан ай­тыс мерейтойдың ашылу салтанатынан ке­йін басталып, кеш батқанша өтті. Ай­тыс­қа белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың ие­гері Ұлықбек Есдәулет бастаған бірнеше ақын төрелік етті. Бұл сөз жарысына, не­гі­зі­нен, Көкшетау мен Ақсудан 14 ақын қа­тыс­ты. Әділқазылардың шешімі бойын­ша айтыс жеңімпаздары төмендегідей жүл­де­­лер­ге ие болды:
Бас жүлдені Балғынбек Имашев пен Ар­ман Бердалин тең бөлісті.
Бірінші бәйге – Айсәуле Бейсенхан
Екінші бәйге – Бақыт Жағыпарұлы
Үшінші бәйге – Айбек Ережеп.
Ақындарды додаға салған екі шарадан соң Молықбай атындағы Мәдениет үйінде ау­данның 80 жылдығына арналған «Ақ­су­дан шыққан арыстар» атты ғылыми-прак­тикалық конференция өтіп, оған жер­гі­лікті зерттеушілер мен есімдері елге бел­гілі тарихшы ғалымдар қатысты. Бұдан соң аталған Мәдениет үйінде Ақсу халық теа­трының тұңғыш директоры, драматург Тә­ңір­берген Қалилахановтың «Абылай ама­наты» спектаклінің премьерасы ан­шлаг­пен өтті. Осы шаралармен қатар Ақсу тойы Есмұрат Сиқымов атындағы ста­дионда да жалғасып, онда осы өңірдің тумасы, олимпиада жеңімпазы Асхат Жит­кеев­тің жүлдесіне түйе палуандар жарысы ұйымдастырылды. Бас-аяғы үш күнге созылған аудан тойы бұдан өзге мәдени-көпшілік шараларымен елдің еңсесін көтеріп, рухын бір серпілтіп тастады.
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары:
– Қобызшы – Молықбай шал
                                                   Матайдағы,
 Матайда – Кенже, Тұңғат Сақайдағы.
 Қазақта қобызшының қалғаны сол,
 Жорға еді маймаңдаған бақайшағы,

– деп Ілияс жырлаған, қобызшы Мо­лық­бай күңірентіп қобыз сарынына қосып, ақын Сара суреттеген Ақсу – қазаққа аты мә­лім талай таланттарды тербеген то­пы­рағы құнарлы, суы нәрлі, қасиетті мекен. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен қатар келіп отырған Ақсу тойы жазба ақындар мен айтыс ақындарының басын қосып дүбірлі бәйге ұйымдастырды.
Бір ғана мүшәйраға қатысуға елі­міздің әр аймағынан алпыстай ақыннан өлең­дер келіп түсті. «Поэзия Құлагері» атан­ған Ілияс небәрі 45 жас ғұмыр кеш­кен­діктен, ұйым­дастырушылар тара­пы­нан мү­шәй­раға 45 жасқа дейінгі ақын­дарды ғана қатыстырдық. Бұл шара бір жағынан жас қаламгерлердің жар­қы­рап көрінуіне біраз жол ашып бер­ген­дей болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста