«Ақсәулемнің» авторы табылды

«Ай-ай-ай-ай-ай, ай-ай-ай-ай-ай, Ақсәулем, Мен де сенің жақсы әнің болайын...». Бұл өлең жолдарын білмейтін аға буын өкілдері жоқ шығар, сірә. 80-90 жылдардың тойлары осы әнсіз өтпейтін. Алтаевтар жанұясының орындауындағы осы туынды қалада да, далада да жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Талай төплилердің тақасының түсуіне де осы ән «кінәлі». Әлі күнге «Ақсәулемнің» әуені ойнаса, ата-апаларымыздың кеуде жара терең күрсінгенін аңғару қиын емес. Өткен шаққа деген сағыныш болар.
Талай жүректерді махаббат бесігінде тербеген осы әннің авторы кім? Қалың көп­шілік «көше әні» атандырған бұл өлең­нің әнін жазған Амангелді Ыдырысов болса, сөзін Серік Мұхтаров жазған еді. Қазір осы екі азамат та Павлодар облысы Май ауданында тұрады. Биыл осы танымал әннің «дүние есігін ашқанына» қырық жыл толады екен.
«Бұл ән 1971 жылдың қаңтар айында шықты. Жергілікті ақын Серік Мұхтаров «Ақсәулем» деген сөз жаздым, соған ән шығарып берші» деп өлеңді алып келіпті. Содан бір түннің ішінде «Ақсәулемді» шығардық. Арада бір апта өткеннен кейін Лебяжі ауданында облыстық көркемөнер­паздар байқауы өтті. Біздің Май ауданы­ның ұжымы осы жаңадан шыққан «Ақсәу­лем» мен «Мой Павлодар» деген менің екі әнім­мен барды. Біздің ансамбльге қарағанда Екібастұздан келген ұжым мықтырақ болды да, олар Алматыға осы менің екі әнімді әкетті. Ал бұл әннің тара­лып, кейін көше әніне айналуының өзі – бір тарих. Менімен бірге ауданда Арқалық деген жігіт істеді. Өзі – әнші, гитара, домбыраның құлағында ойнайтын. Мен 1972 жылы Павлодарға кеттім де, Арқа­лық Семейдің Зоовет институтына оқуға кетеді. Сол жақта «Қарагөз» ансамблінде жүріп, осы әнді орындайды. Содан бұл өлең Семей жас­тарының арасында қатты танымалдылыққа ие болыпты. Артынан күллі республикаға тарады. Көше әні секілді тарағаннан кейін, сөзіне де, әніне де біраз өзгерістер еніпті. Кейіннен «осы әннің авторы мен едім» деп кеуде керіп, ешкімнің алдына бармадым. Мені де ешкім іздеп келмеді. Бірақ бертін келе осы әнді орындайтын Өктем Алтаев: «Осы ән­нің авторын таба алмай жүрмін. Білетіндер болса хабарлассын», – депті. Сөйтіп, «Ақсәулем» көше әніне айналды», – дейді сазгер Амангелді Ыдырысов.
Кейін Амангелді Ыдырысовтың әніне, Серік Мұхтаровтың сөзіне жазылған «Махаббат мәңгі» атты өлеңді «Жеңеше-ай» триосының қабылдауында жұртшылық жылы қабылдады. Қазір Амангелді Ыдырысов Май аудандық Мәдениет үйін­де сүйемелдеуші болып қызмет істесе, Серік Мұхтаров Май аудандық «Шамшы­рақ» газетінде редактор болып жұмыс жасай­ды.
Өктем АЛТАЕВ, әнші:
– Елдің көбі бұл өлеңнің авторы мен екен деп ойлайды. Мен алдында Алматыда берген концертімде «бұл өлеңнің авторы мен емес, көше әні де  емес, авторы бар болса, көріп отырған болса, маған хабарласса екен» деп едім. Әрине, «Ақсәулем­нің» авторы табылып жатса, оған қуаныштымын. Алтаевтар ансамблінің атын шығарған «Ақсәулем», «Қу арақ», «Не жаздым мен, жаным саған», «Сағындым сені» осы төрт өлең болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста