31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сұхбат берген Ақбота Сейітмағамбет өзінің өнердегі ұстаздары әпкелі-сіңлілі Баян Есентаева мен Бағым Мақсатқызының алдына не себепті бармай жүргенін айтты.
"Кешьюдан" кеткелі жолыққан жоқпын, алдарынан өткен жоқпын. Талай себептер болды, оның үстіне қайта-қайта өзім де ауруханаға түсіп қалып жаттым. Жүктілігім өте қиын өтті. Енді ойлап отырмын, баламмен бір барып кетемін деп. Қанша дегенмен мені тәрбиелеген ұстаздарым", - дейді ол.
Журналистің "Осынша уақыт аралығында телефон шалу үшін бір минутыңыз табылмады ма?" деген сұрағына Ақбота продюсерінен қорқып жүргенін айтты.
"Қорқып жүрмін ғой. Бұйыртса енді міндетті түрде барамын. Алдарынан өтіп, рахметімді айтып, кешірімімді сұрап. Әрине енді ана болған соң, ол кісілер мені түсінеді деп ойлаймын",- дейді Ақбота.
Еске салсақ, Ақбота Сейітмағамбет "Гламур для дур" фильмінің түсірілімі кезінде актер Дәурен Айдарқұловпен көңіл жарастырып, келісімшарт мерзімі аяқталмастан "Кешью" тобынан жүктілігіне байланысты кеткен болатын.