"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Ақбота Айдарқұлова бүгінде сахнаны да бағындырып, кино әлемінде де өзін үздік көрсетіп жүрген өнер иесі. Дегенмен жұлдыз соңғы кездері жұбайының келісімін ала алмай, бірнеше ұсыныстан құр қалғанын ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Актриса, әнші Ақбота Айдарқұлова кино жобаларға түспес бұрын жұбайы Дәурен Айдарқұловтың батасын алатынын алға тартты. Сүйікті жары қолдамаған киноларға өнер иесі мүлде түспейтінін ашып айтты.
"Осы жылы екі-үш кинодан бас тарттым. Өйткені Дәуренге менің рөлдерім ұнаған жоқ. Мәселен бір кинода мен жаман қыздың рөлін ойнасам, енкінші кинода да мені жаман рөлге шақырды. Сол үшін Дәуренге ұнаған жоқ. Ақылдаса келе сол кинолардан бас тартуыма тура келді", - дейді жұлдыз.