Ақ пакет, көк пакет... Кім қандай ән тыңдап жүр?

Қазақта «әу демейтін адам жоқ» деп, кез келген кісіге ән айтуға қолқа салып жатады. Әнді бала да, үлкендер де шырқай жөнелетіні рас. Өйткені, халқымыздың өмірінде ән мен жыр, жалпы  музыка ерекше орынға ие. Бесікте анасының әлдиін естіп өсетін халықтың ән-күйге деген махаббаты ерекше. Қазаққа тән тағы бір ерекше қасиет, кез келген ұлттың әнін құйқылжытып орындай береді. Мұның екінші жағы да бар. Өзгелерге еліктеушілігіміздің, асыра қызығушылығымыздың кері әсерін де көріп жүрміз. Бұл – бір. Екіншіден, кейінгі жылдары өзіміздің есті әндеріміздің орнын есер әндердің басып бара жатқаны алаңдатады.

Көлікте келе жатып, радионы қоса қалсаң, не айтып жатқаны белгісіз, сөзі түсініксіз әндер беріліп жатады. Не ұйқасы, не мағынасы жоқ, ән деп айтуға да келмейтін әуендер әлеуметтік желілерді де жаулап алған.

Ақ пакет, көк пакет...

Осыдан біраз уақыт бұрын Қанай деген әнші орындап жүрген «Ол қыз» деген әндегі «Кетті, лақты, ол тыңдамайды, Бидің үстіне би сұрайды» деген жолдарын бертін келгенше түсіне алмай жүрдім. «Екі лақ» дей ме, жоқ әлде шетелше бірдеңе айтып тұр ма деп, қайта-қайта тыңдаймын. Енді мына сөздеріне қараңыз:

Туу деген сөзі ууу

Ішіп алып қууу

Енді сол баланы тууу

Әкесі білсе оны құлағынан бұрайды,

Шешесі біліп қалып, қаншық деп сабалайды.

Кетемін үйден сендер түсінбейсіңдер мені

Деп өзінікін қуып, шәйіп, ол айқайлайды.

Осы сөздерден кім не түсінді? Сөздерінің ерсілігін айтпағанда, орындаушылардың тілдерін бұрап, әдейі түсініксіз етіп айтатыны құлаққа түрпідей тиеді екен. Байқағаным, қазіргі кезде жұртқа жаппай танылып жүрген жас әншілердің көбі әннің сөзін анық айтпайды, тек әуеніне акцент жасайды. Ырғағы тартымды болса, әлеуметтік желіге жылдам тарап, «хит» болып кетеді. Сөйтіп,  «Ақ көйлек киген, көк көйлек киген құрбыларым да бар, Ақ пакет пенен көк пакетпенен сарқыттарым да бар» деп ұйқас қуалап, келсін-келмесін әндете бересің.

Өткенде аулада ойнап жүрген бір топ бала: «Четкий менің братым, Әр сөзімді ұғатын, Любой жерде до конца, Родной үшін тұратын» деп шырқап жүр. Сөйтсем, бұл әнді Арнұр Шәкеров деген әнші айтады екен, телеарналардан да беріліп жүр. Айтпақшы, әншінің «Четкий қыз» деген де әні бар. Осы әндерді естігенде, «Шымкенттің салқын сырасы» әжептәуір ән екен ғой деп қаласың...

Тағы да бірдеңе дедің...

«Ұйқым келмейді, сонда да ұйықтап кетемін» деп биыл тағы жұртты шулатқан әннің авторы Рамазан Амантай таяуда Республика сарайына дүйім жұртты жиып, шығармашылық кешін өткізген болатын. Бірнеше киноға түсіп, көпшілікке актерлік қырынан танылған Рамазанның ақындығы да бар екенін естуіміз бар еді. Сөйтсек, ол 400-ге жуық әнге сөз жазған, нағыз «хит» әндердің авторы екен. Тойларда шырқалатын «Аягөз, қайда барасың?», «Проблема жоқ», «Тәтті махаббатым» деген әндердің мәтінін де, тіпті кейбірінің әуенін де Рамазан жазған. Төреғали Төреәлі, Қуандық Рақым, Әділет Жауғашар секілді эстрада әншілері орындап жүрген «хит» әндер де Рамазанға тиесілі.

«Атың шықпаса, жер өрте» демекші, Рамазан шығармашылық кешінің алдында бір «хайп» жасайын деді ме, «Ұйқым келмейді» әнін шығарып, танымалдығын арттыра түсті. Әнді Ресейдің қазағы Алина Шакееваның акцентпен орындауы әннің «бағын жандыра түсті». Елдің талқысына түскен әннің мәтінін оқып көріңізші...

Қош бол деп айттың,

Тағы да бірдеңе дедің.

Сен менен кеттің,

Кетсең де, күнде көремін.

Ойлаймын, көктен

сүйікті жұлдызым ағып...

Әлемді мынау

Бөлмеме кіргізіп алып.

Ұйқым келмейді,

Махаббат маза бермейді.

Ұйқым келмейді,

Өткеннің шамы сөнбейді.

Ұйқым келмейді

мен сені көрген кезде.

Сені көрмесем,

тағы да ұйқым келмейді.

Көрінбей кеттің,

естілмей бір сәт дауысың.

Қайдасың, қайда?

Жерде ме, ұшақтамысың?

Ұйқым келмейді,

...содан соң* ұйықтап кетемін –

Түсімде сені соңғы рет құшақтау үшін...

Бұл әнді біреулер сынап жатса, біреулер тәп-тәуір ән деп бағалап жатыр. Елімізде белгілі ақын, режиссер, АҚШ-тың Өнер академиясын тәмамдаған маман Мұрат Есжан қоғам талқысына түскен атышулы әнге тәп-тәуір ән деп баға беріпті. «Жай жап-жақсы емес, мәтіні осы күнгі көп әннің сөзіне қарағанда көш ілгері көрінді. Мысқылым емес, шын айтып отырмын. Бұл тоқтамға аталмыш әнді толық тыңдап шыққан соң келдім», – дейді ол.

«Бірдеңе дедің дегенге тиісіп жатырмыз ғой. Негізі ол тармақтың логикасы дұп-дұрыс. Неге десеңіз, «қош бол» дегенді естігеннен кейін лирикалық кейіпкер басқа сөзді қабылдай алмай есеңгіреп қалған болуы мүмкін ғой. Бірдеңе деп жатқанын ғана біледі. Нақты не дегенін білмейді. Оның үстіне «күнде көремінмен» әдемі ұйқасып тұр», – деп түсіндіреді өнер маманы.

Осыдан соң хитке айналған тұсын сөз етеді.

«Мәтіннің күлкіге ілінген тағы бір тұсы – «ұйқым келмейді, содан соң ұйықтап кетемін» деген жолдар. Әрине, контекстен жұлып алсаң, өз-өзіне қайшы кеп тұрған топас текст секілді көрінері анық. Ал тұтас қарасаңыз, «сені тым болмағанда түсімде құшақтау үшін ұйқым келмесе де, ұйықтап кетемін» деген әдемі антитеза шығып тұр. Мүмкін, «содан соң» дегенді «сонда да» деп алмастырып: «Ұйқым келмейді, ...сонда да ұйықтап кетемін – Түсімде сені соңғы рет құшақтау үшін...» десе тіпті де ұғынықтырақ болар ма еді», – дейді ол.

«Ал енді қайырмада «сені көрсем ұйқым келмейді, ал көрмей қалсам, тіпті де ұйқым келмейді» деген әдемі ой жатыр. Оны да: Ұйқым келмейді мен сені көрген кезде. Бірақ көрмесем, тіпті де ұйқым келмейді, – деп ұғынықтырақ келтіргенде қайтер еді... деп ойланып қалдық», – деп кеңес береді ақын.

Әннің авторы Рамазан Амантай бұл әннің соншалықты талқыға түсетінін күтпеген көрінеді. Ал әннің орындаушысы Алина Шакеева «Ұйқым келмейді» әнін орындаймын деп бір күнде ұйқысынан «жұлдыз» болып оянды. «Халық талқылап жатқанына қарағанда, көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты», – деп пікір білдірді әнші.

 Жұрт жаппай есер әнді ғана тыңдап жүр деп те айтуға болмайды. Ғұмыры қысқа, бір рет хит болып ұмтылып кететін әндердің қаптағаны шындық. Дегенмен, өлмейтін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін, жылдар өткен сайын құндылығы жоғарылай беретін әндердің де өз тыңдаушысы бар. Сөзі мен әні төгіліп, «құлақтан кіріп бойды алатын» әндер мәңгі жасайды. Жақында бір тойда халық әндері мен ретро әндерге билеп, есті әуендерді естіп, риза болдық.  Жақсы ән тыңдағысы келетін адам сүйікті әншілерінің концерттерінен қалмайды. Адамның әнге деген талғамы оның бар болмысын көрсетсе керек.

Түйін:

Көзіқарақты тыңдарман, әннің алдымен сөзіне мән береді. Сөзі түзу болмаса, тыңдамайды. Бұл енді талғамға байланысты. Бірақ өкінішке қарай, талғамы қалыптаса қоймаған жас буын тілі шұбар, анайы сөздерге тұнған әнсымақтарды тыңдап өсіп келеді. Бір әнді қайта-қайта тыңдай берсең, сөздері еріксіз тіліңе үйіріле береді емес пе? Бүгінгі өскелең ұрпақ есер әндерді тыңдап, соларды қосылып айтып жүр.  Әуелі өзіміз титтей балаларды «ақ пакет, көк пакетке билеші» деп мәз боламыз. Ал тойларда кешегі «Чип-чип» пен «Қызыл өріктің» орнын «Жылтыр көйлек», «Шудың бойында», «Қызыл раушан» басты. Әзірге тыңдарманның да, орындаушының да деңгейі осы болып тұр.

Айнұр Сенбаева 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста