Әншілер есірген екен. Кейбіреулері сағаттарын емес, минуттарын есептей бастаған

Бүгінде той – әншілердің табыс көзі. Дегенмен, әр әншінің тойдан табатын табысы әртүрлі. Бәрі хит әніне, танымалдылығына және өнердегі мәртебесіне байланысты. Десе де, тойдан тойынған кейбір өнер иелері сағаттарын емес, минуттарын есептей бастаған. Сегіз жыл бойы той ұйымдастырып жүрген Руслан Ысқақ шоу-бизнес өкілдерінің қанша қаржы табатынын бес саусағындай біледі. Ол бір айда оннан астам шара өткізеді, деп хабарлайды 31 арна.

Еліміздегі ең қымбат әнші – Қайрат Нұртас. Оның бір тойдан табатын табысы 7 мың, ал корпоративтен алатын ақшасы 10 мың долларды құрайды. VIP тойларға жиі шақырту алатын Қайраттың талабы да жоғары.

“Халықтың сұранысы үлкен және өз-өзін қатты сыйлайтын азаматтардың бірі. Оны халық та жақсы сыйлайды. Қайраттың басты шарты самолет бизнес класс болу керек. Ұшқан кезде. Жататын жері. Барлығы жоғары деңгейде болуы керек. Бес жұлдызды, төрт жұлдызды қонақ үй”, – дейді той ұйымдастырушысы.

Қайрат елімізде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие. Қуанышыңызға шақырсаңыз қаламақысы үш есеге артады.

“Италияға Қайратты жіберген болатынбыз. Екі күн бойы қазақтың тойы таудың етегінде болды. 50-60 адам жиналған, VIP форматта өтті. Гонорары екі, үш есе көбейеді”, – дейді той ұйымдастырушысы Руслан Ысқақ.

Елдің ашуына тиіп, кейін кешірім сұрап жер-жерде концерт ұйымдастырып жүрген әнші Төреғали Төреәлі болса, бір той үшін 7000-8000 мың доллар алады. Халыққа шатақ мінезін көрсеткен Төреғалидің тойдағы сұранысы артпаса, кемімепті.

Ал, әнші Ерке Есмахан 40 минут ән орындағаны үшін қыруар қаражат сұрайды. Оның гонорары Төреғалиден кем түспей тұр.

“Ерке Есмахандікі соңғы гонорары біз бір, екі айда сұраған кездері 5000 доллар төңірегінде болған Алматының ішінде. Бір блок, оның ішіне 4-5 ән болады”, – дейді той ұйымдастырушы Руслан Ысқақ.

Жұлдыздарды қуаныштарына шақыру үшін ақшалай емес, «бартермен» есептесетіндер де бар екен. Жақында бөпелі болған Бүркіт пен Аишаны осыдан бірнеше жыл бұрын алматылық тұрғын тойына шақырып қаламақының орнына шетелге екі адамға жолдама сыйлапты.

“Бір кісілердің тойы болды. Тайландқа, ма, Малайзияға ма. Есімде жоқ. Сондай екі үш рет болды”, – дейді Бүркіт.

Ал той иелерінің мұндай әрекеттері Халық артисі Мақпал Жүнісоваға жүрмейді. Себебі, адамның еңбек ақысы төлену қажет деген пікірде. Әнші бір сенбіде 4-5 тойда ән айтып үлгереді. Той қонақтарына хит әндерін айтып қана қоймай, олармен суретке түсуден де қашпайды.

“Адам өзінше еңбек етеді. Біздің мамандығымыз сол. Ән айту, елді аралау. Ары-бері тойға ұшып барамыз. Көйлек тіктіртеміз”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Тойдың көркін келтіріп жүрген жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат та тек тойдан ақша табады. Соңғы уақытта Жазира жеке қыз ұзату тойларына көп шығып жүр. Әр тойдан 1 миллион теңге алатын Жазира мен Жанболат ақшадан басқа нәрсеге келіспейді.

“Өзімді ғана қыз ұзатуға шақырса да, Жанболатсыз бармаймын”, – дейді Жазира.

Асхат Тарғынов танымал болмай тұрғанда әннің ақысының орнына талай мейрамханаларда тегін тамақ ішіп, соғымға да қарық болатынмын дейді. Ал қазір танымал әншіге ондай ұсыныстар аз түседі.

“Көбінесе жарнама ретінде инстаграмға салуымды өтінеді”, – дейді әнші Асхат Тарғын.

Бір қызығы, әр өңірдің өзінің жиі шақыратын әншісі де болады екен. Мәселен, Батыс қазақстандықтар көбінесе Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәліні шақырса, Астана халқы Айқын Төлепбергенді, оңтүстік Ернар Айдар, Заттыбек, Жазира мен Жанболатты қуаныштарында көргісі келеді.

Тойда 6-7 ән шырқағаны үшін 1 миллион теңге алатын Айқын Төлепберген жақында шығармашылық кешін береді. «31 арнаның» 25 жылдығына орай ұйымдастырылатын концерт тегін. Сүйікті әншіңіздің кеші 1 мамыр күні Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтеді.

 

www.matritca.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста