Қазақстандық танымал әнші Назима Жәнібекова өмірі мен өнеріне қатысты өз жан сырын ақтарды. Өнер иесі болашақта тағы үш баланы дүниеге алып келіп, үлкен жанұя құруға ниетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Назима Жәнібекова өмір жайлы ойларымен Instagram парақшасында бөліскен.
Шоу-бизнес өкілі көпшілктен жасырмай-ақ, болашаққа деген жоспарларын жария етті.
"Бірнеше әдемі әндер жазып шығару, анаммен демалысқа барып келу, Амелияны дайындық мектебіне беру, өзімнің дамуыма үлес қосып оны арттыру, бұйырып жатса пәтер сатып алу", - деп тізіп шықты әнші.
Cонымен қатар, Назима болашақта көпбалалы ана болғысы келетінін жеткізді.
Өнер иесі қызынан бөлек тағы үш перзентті дүниеге әкелуге ниетті екенін алға тартты.
Әнші жеке өміріне қатысты да жауап беріп үлгерді. Ол бүгінде жүрегі бос екенін айтып, өз махаббатын асықпай күтуге әзір екенін алға тартты.