Әнші Калифарния тақыр кедей отбасыдан шыққанын айтты

Хит әндерімен көптеген жастың кумиріне айналған жас жігіт өте қарапайым отбасыдан шыққанын алға тартты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Калифарния лақап атымен танылған әнші Алматыда өткен жеке концертінде тыңдармандарына ата-анасын таныстырып, құрмет көрсетті.

 

Концерттегі видео ТікТок желісінде пайда болды. Онда Ақтөбеден шыққан Калифарния анасына гүл сыйлап, көпшілікке ата-анасын таныстырады. Өнер иесі әкесі жүк тасушы, анасы ыдыс жуушы екенін атап өтеді. Өнерге ешбір таныссыз келіп, бүгінгідей жетістікке сол кісілердің қолдауының арқасында жеткенін айтады.

 

 

Осындай ата-анама өздеріңіздің ыстық ықыластарыңызды көрсетсеңіздер, мен қатты қуанып қаламын, — дейді ол.

 

Желі қолданушылары қарапайым отбасынан шыққан әншіге сәттілік, ал ата-анасына ұзақ ғұмыр тіледі.

 

"Жарайсың, жігітім! Қарапайым отбасынан шыққан бала ең мейірімді, жүрегі кең, байсалды болды", "Мықтылар қарапайым отбасылардан шығады", "Жарайсың, анаң мен әкең 100 жасасын!", "Әке-шешең аман болсын", "Ата-анаң мен халқыңды сыйласаң, қолдау әрқашан болады", "Елдің пікірінен қорықпай, әкесі мен шешесінің не жұмыс істейтінін қысылмай айтты. Ол кісілерге осындай тәрбие бергені үшін алғыс", "Қандай керемет, ата-анасына құрмет көрсетіп жатыр. Ұлдарының осындай жетістікке жеткеніне қуанып тұр" деп жазды желі қолданушылары.

 

Еске салсақ, кеше 27 мамырда Калифарния Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өзінің алғашқы жеке кешін берді. Ал Ақтөбе қаласында концерті өтеді.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста