Әнші Дастан Оразбеков əріптесі Төреғали Төреəліні сынады (видео)


«Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасына әнші, «Орда» тобының мүшесі Дастан Оразбеков қонақ болып келіп, шығармашылығы жайлы сыр шертті, деп хабарлайды Baistars.kz. Сөз арасында Дастан Оразбеков Қазақстанда хит әншілер саналатын Заттыбек Көпбосынұлы, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ернар Айдарды тыңдамайтынын мәлімдеді: «Жалпы қосылып тұрса тыңдай беремін, бірақ іздеп жүріп тыңдамаймын» — дей келе, аталған әріптестерін өнер адамы ретінде мойындайтынын жеткізді: «Халық сені қалағаннан кейін сен де өнердің бір ұшын ұштаған азаматсың деп ойлаймын» — деді әнші.
Дегенмен, әнші Төреғали Төреәлінің өзге елдің әнін ұрлайтынын құптамайтынын айтты (мәселе Төреғали Төреәлінің «Төрешім» әнінде болса керек — авт.) «Өзге елдің әнін орындаудың қажеті жоқ. Бұл өз туындың болмағаннан кейін халықтың алдына шығуға сескену керек адам. Басқа елдің әнін қазақ тіліне аудара салып, өз әніндей орындау дұрыс емес деп ойлаймын.» Дегенмен әртіс бұл сөзімен өнерпаздарды сөккісі келмейтінін, жалпы жеке пікірі екенін жеткізді.

Сонымен қатар, «Орда» тобының «Turkvizyon» байқауында иеленген екінші орыны жайлы сөз қозғалды. «Екінші орынды місе тұттық. Шыны керек қырғыз қызы жақсы дайындалып келген. Оның сахнадағы энергетикасы мықты болды, тіпті төртеуміз жабылып сондай энергетика бере алмадық» — деді әнші. Ал топты түрліше сынайтындарға қазірде еті үйренгенін жеткізді: «Turkvizyon» байқауынан кейін «Орда» тобының тарихында естімеген сөздерді естідім. Ішкі дүнием қайтты қайғырды. Соншалықты сөгетіндей біз не жасадық? Бірақ көптеген әріптемтеріммен, өнерді әлдеқайда таныған азаматтармен сөйлестім, бәрі бізді қолдады. Ең бастысы, жаңашыл адамдар болады және біреуге еліктейтіндер болады, солардың ара жігін ажыратуды үйретті. Біздің туындыларымызды адамдар көбіне уақыт өте келе түсініп жатады» — деді әртіс.

Айта кетейік, жақында Дастан Оразбеков үш қыздан тұратын «Turkiss» тобын құрып, продюсерлікті қолға алды.

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста