"Әңгіме басқаша болады": Азия мен Бақай тобы Қайрат Нұртасқа жауап берді
"Азия" мен "Бақай" тобы Қайрат Нұртастың сынына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Той думан" арнасына сілтеме жасап.
"Атың өшкір кредит" деп қоғамдағы түйіткілді мәселені сөккен "Азия" мен "Бақай" тобы сынның астында қалды. Қос топты сынаған тыңдармандары емес, өнердегі қатарластары Қайрат Нұртас болатын. "Ұялсаңдаршы, жігіттер" деп бейнежазба жолдаған Қайрат Нұртастың бұл қылығын жігіттер қалжыңға балапты.
"Қайрат Ринаттың досы болғаннан кейін әзілдеп айтқаны шығар деп түсіндік. Демалыста жүр, келгеннен кейін түсіндірер. Не ренжитінімізді, не ренжімесімізді білмей тұрмыз. Көзбе-көз сөйлескеннен кейін түсіндіру керек", - дейді "Азия" мен "Бақай" топтары.
"Досына тисіп жатқаны шығар деп түсіндім. Жеке мені айтатын болса, әңгіме басқаша болады", - дейді топтың мүшесі Бекмырза.