Анекдот айтуды да өнер санайтын тележүргізушілер бар

Телеарна біткенді тілшілер емес, танымал әншілер жаулап алды деу бүгінде майы шыққан тақырыпқа айналды. Бұл «байдың асын байғұс қызғаныптының» кері емес. Ашынғаннан шыққан ащы даусымыз. Шоулатып, шулатып жатқан бағдарламаның тізгінін ұстағандар дұрыс жүргізіп, шақырған «обьектіні» жақсылап зерттеп, тұщымды сұрақ қойып, сөзден «ұстап», көрерменін қанағаттандырса, асанқайғыланып неміз бар?
Рас, бүгінде бағдарламаның басым бөлігі арзан күлкі, сөзбен тартысқа айналып кетті. Телеарна басшылары рейтинг қуамыз деп тым арзандап кеткендерін ұқпайтын сықылды. Танымал тұлғалар тізгінді ұстаса, тақырыпты тұздықтап отырса мейлі ғой, керісінше, мәнсіз, мағынасыз сұрақ қойып көрерменді сыйламай бір, өзінің топастығын дәлелдеп екі ұтылып жатады. «Жетінші арнада» қыз біткенді жинап алып, улатып-шулатып жататын бағдарлама бар. Әртүрлі мамандық иелерін шақырып, кейде пайдалы бір тақырыпты қозғап жатады. Оған сүйінесің, ал күйінетінің... Бір жолы Бауыржан Тұрабаев деген (КВН-щик) анекдотшыны (осындай да кәсіп түрі шыққан ба деп таңқалғанбыз) шақырды. Өз жанынан неше түрлі анекдот шығарып, күлкіге көміп жүретін Бауыржан бұл жолы да шабысынан жаңылмады. Бірақ бәрін тележүргізуші бүлдірді. «Бұл өнеріңіз (анекдот айту, шығару) кімнен дарыған?» деді. Қуақы тілді Бауыржан да іліп кетті «нағашыларымнан» деп жауап беріп. Оныкі әзіл болса да, бір жағынан жүргізушінің топастығын дәлелдеп, әшкере етті. Сонда жүргізушінің ойынша анекдот айту да қанмен берілетін өнер болып тұрғаны ғой. Басқа арнаға ауысуымызға тура келді... КТК-дағы Тұрсынбек Қабатовтың бағдарламасында суретке қарап қазақы мақалды табу сынды әдемі бір бөлімі бар. Суретке қарасаң, қазақтың 8 мыңнан астам мақал-мәтелдері өзінен өзі тілге орала кетеді. Бұл енді әншілерге емес, бала-бақшадағыларға арналған. Алайда осы оп-оңай мақалдарды да таба алмайды ғой, шіркіндер. Жуырда осы бағдарламаға қыздардан құрылған бір топ келді. Қазір топтар көп қой, атын жаттау мүмкін емес. Осы топтағы үш қыз да берілген тапсырмадағы бес мақалдың біреуіне ғана жауап тауып, талайларды «таң қалдырды». Жігіттің мойнындағы арқанға қарап, «жігіттің мойнына арқан жараспайды» деп соқты. Тұрсынбек өзі ауыздарына сөз салып беріп тұр. Сонда да қақпайды ғой, шіркіндер (бұлар да болашақ тележүргізушілер ғой). Осыдан-ақ белгілі, бүгінгі отандық шоу бизнестің көрігін қыздырып жүргендердің дені кітап оқымайды. Интеллектуалдық деңгейлері өте төмен. Атақты Бауыржан Момышұлы айтпақшы, шетінен «наданологтар»... Осыдан бір-екі жыл бұрын Айнұр Тұрсынбаева бір концертте Мақпал Жүнісоваға «соғымыңыз өзіңіз сияқты семіз шығар?» деп айтып масқара болып еді. Елді күлдірем деп ойсыз сөз айтып, өз-өздерінің құнын түсіріп жүргендері ұят-ақ. Тағы бірде «Көшбасшы» бағдарламасына елге танымал біраз «жұлдыздарымыз» қатысты. Олардың интеллектуалдық деңгейлерінің қаншалықты екенін осы бір ғана бағдарлама-ақ әшкерелеп берді. Сондықтан да оларға тек қана «не ішесіз, не жейсіз, ваннаға түскенде қандай теңіз тұзын қабылдайсыз?» деген сынды ғана сұрақтар қою керек-ау (Бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпыз).
Жетпегені Мақпал еді...
Алдыңғы қатарда тұрған белгілі арналардың өзінде бағдарламаларының деңгейі шалшық пен балшықтан сәл ғана жоғарырақ. Жап-жас актрисаларды шақырып алып, «жас сіңлілеріңізге не дейсіз, қандай ақыл қосасыз?» сынды сұрақтар қояды езіп. Ойбай-ау, кеше ғана сахнаға шыққан, экраннан енді ғана көрінгендерден не ақыл сұраймыз? Олар не үйретеді, не деп ақыл айтады? Рейтингіміз жоғары деп жүрген бір арнаның шулаған бір бағдарламасын көрсетіп жатты, арнаның бәрін ақтарып-төңкерсем, жергілікті арнаның бірінен Зейнеп Ахметова сөйлеп жатыр екен. Бетіне бес тонна бояу жағып алып, өзінің «сұлу» екенін айдай әлемге паш етіп отырған «жұлдызсымақтың» әлду-бәлдуінен гөрі тұщымды, құлаққа қонымды, айтары бар Зейнеп апамды көруді құп көрдім. «Арнадан ауыспаңыздар» деп қанша жата-жастана жабысса да, талғамы таразы басын тартып кететін көрермен көп бүгінде. Қойыртпақты қанша жылтыратып ұсынса да, көңілге қонымдысын таңдайды. Бағдарлама тізгінін қазақтың қара сөзінен қаймақ айыратын небір сен тұр - мен атайындар ұстаса екен. Әйтпесе топас жүргізушілер өзін де, өзіне сенім артқан арна басшыларын да «позор» қылып бітетін болды. Жуырда бір бағдарламадан Мақпал Исабекованы көріп қалдық. Кезінде «қазақ әншілерін тыңдамаймын» деп қоғамды өзіне қарсы қойып алған әнші қызымызға да тізгін тиіпті...
Өзін қол жетпес «жұлдыз» санайтындардың дені бір-бір бағдарламаны иіріп жүр. Жүргізсін, жақсылап жүргізсін, тек көрерменнің жүйкесіне ши жүгіртпесе екен. Қоңыр үнімен талайларды тамсандырып жүрген Мейрамбек Беспаевты ғана көрмей жүрміз бұл саладан. Әрине, Мейрамбек өз бағасын біледі. Әр арнадан жылтың-жылтың етіп көріне бергісі келмейтін шығар. Бізде көзге сүйел болғандар жетіп-артылады ғой. Бәрі де Мейрамбектей болса ғой, шіркін...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста