Бүгін «Анаға апарар жол» тарихи драмасы прокатқа шықты. Картинаның режиссеры Ақан Сатаев. Сценарийін жазған Тимур Жақсылықов. Бас продюсер - Әлия Назарбаева.
Қоюшы-режиссердың айтуынша, осы картинаны түсіруде мемлекеттің рөлі ерекше, өйткені мұндай тарихи дүниені мемлекеттің қолдауынсыз аз-маз қаржыға түсіру мүмкін емес.
Ақан Сатаев алғашқы көрермендердің драманы көргеннен кейінгі әсерлерін көріп риза.
«Фильм авторлары бүгін осындай нәтижеге жеткеніне қуанады. Мен оңтайлы сәтті пайдаланып осы картинаны жасауға қол ұшын берген әрбір адамға алғысымды білдіргім келеді. Біздің жобамыздың әрбір қатысушысы өз жұмысын мінсіз атқарды. Ойлары бір жерден шығатын адамдардың еңбегі сіңді бұл фильмге», - дейді Сатаев.
Лентаның продюсері Светлана Коротенконың айтуынша, «Анаға апарар жол» патриотиоттық және идеологиялық фильм, бірақ коммерциялық емес.
«Коммерциялық киножобалар - жанр бойынша өзгеше, олар басқа аудиторияға арналады. «Анаға апарар жол» - шынайы фильм, мұнда бір секунд та жасандылық жоқ. Шынайылығы соншалық, біз фильмді президентке көрсетуге жүрексіндік. Бірақ Елбасы картинаны жоғары бағалады және біздің осындай картина түсіргенімізге ризашылығын білдірді. Әрбір адам осы фильмді көрсе екен деймін», - дейді Коротенко.
Әрине, басты рөлді орындаушылардың өз жүректеріне жақын эпизодтары бар. Аружан Джазильбекова үшін Үміт пен Ильястың вокзалда кездесуі өте ерекше болды. Актрисаның айтуынша, осы көрініс өзі үшін әсерлі, әдемі, бірақ ең күрделі болған.
Әділ Ахметов те Аружанмен келіседі, Беларусияда түсірілген соғыс көріністері оның есінде жақсы қалыпты.
Саясында анасы баласын күтіп тұратын ағаш Алматы облысында, Шамалған станциясынан 20 шақырымдай жерде өсіп тұр екен.
Естеріңізге сала кетейік, фильмде Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, Аружан Джазильбекова, Берік Айтжанов, Сатыбалды Нарымбетов, Болат Әбділманов, Еркебұлан Дайыров ойнайды.
«Анаға апарар жол» тарихи драмасы 29 қыркүйектен бастап прокатта.