Ән ұрлауды қашан қоямыз?

Еркiн Нұржановтың «Кешiр менi» әнi, Мақсат пен Мақсаттың «Жастық шақ», «Домажор» тобының «Қайдасың?» әндерi – тыңдағанға үшеуi үш басқа ән. Бiрақ осыларды ортақтастыратын бiр нәрсе бар, ол – үшеуiнiң де шетел әуенiне негiзделiп жазылғандығы. Бұл – бiздiң ә дегеннен аузымызға түсiп, ойымызға оралған мысалдар ғана. Әйтпесе қазiр ондай әндерден аяқ алып жүргiсiз. Жалпы, мұндай құбылыстың үрдiске айналу себебi не: әншiлерiмiз қазақ әнiнен жалығып, бiр жаңалық енгiзгiсi келдi ме, әлде сазгерлерiмiз тоқырауға ұшырап, ән жаза алмай қалды ма? Осындай сауалдарды бiз әлгiндей әндердi орындап жүргендердiң өздерiне тiкелей қоюды ұйғардық:

Маржан АРАПБАЕВА:

ПЛАГИАТ ДҮНИЕЛЕР КӨП
–    Маржан, сәлеметсiз бе, сiздiң орындауыңыздағы испанша «Amoro mio» әнiнiң қазақша нұсқасын естiп жүрмiз. Көп әншiлер құмартатындай шетел әндерiнiң қазақ әндерiнен артықшылығы неде?
–    Қазақ әндерi қазақтың өзiнiң табиғатына сай дауысқа салып орындауға арналған. Ал шетел әндерi сезiммен, бiр тербелiске құрыла ма, әйтеуiр сөзбен түсiндiре алмаймын (күлдi). Қазақта айтады ғой «қанша тiл бiлсең, сонша адамсың» деп, сол сияқты дүниежүзi түсiнетiн ағылшын, түрiк, орыс тiлдерiнде ән сала бiлген әншi соған сай сахналардан да көрiнедi. Түрлi жастағы, түрлi менталитеттегi тыңдармандарын табады.
–    Мүмкiн мұндай құбылысқа, яғни әншiлерiмiздiң шетел әуенiне бет бұруына, бәлкiм, жақсы әннiң жетiспейтiнi себеп болып жатқан шығар?
–    Шыны керек, қазiр жақсы ән табу қиын. Көп әндерге көңiлiм толмағандықтан, кейiнгi кездерi өзiм әуен жазуға көштiм. Сазгермiн деп айтпаймын, бiрақ кеудемдi кәдiмгiдей ән тербейтiн кездер жиi болады. Соларды ақырындап диктофонға жазып жүрмiн. Жақсы дегендерiн жарыққа шығарып қалатын шығармын, бұйыртса.
–    Осы орындап жүрген шетел әндерiнiң авторын жасырмай айтып жүрсiз бе?
–    Әрине, мiндеттi түрде.
–    Оны сұрап жатқан себебiм, авторлық құқық деген бар ғой...
–    Иә, не айтпағыңызды түсiнiп тұрмын. Расында, плагиаттық қой мұнымыз. Егер сазгер не болмаса әннiң бастапқы орындаушысы бiлiп қойса, олар тайсалмастан сотқа бере алады және жеңiп шығады. Бiрақ Құдай ондайға ұшыратпай-ақ қойсын. Себебi ол кезде айыппұлды өтеуге бiздiң шашымыз жетпей кетер едi.

Роман МАЙҒАЗИЕВ, «Домажор» тобы:

«Қайдасың?» - түрік әні
–    Роман, бiз шетел әуенiне жазылған қазақша әндер жайлы жазбақшы едiк, сiздердi алғаш танытқан әндерiңiз шетел әуенiне шығарылған емес пе едi?..
–    «Қайдасың?» әнi ғой айтып тұрғаныңыз. Иә, ол – шетел әуенiне, нақтырақ айтсақ, түрiк әуенiне жазылған ән. Авторы – Сердар Ортач. Бiр тыңдағаннан-ақ ән көңiлiмiзден шықты. Ұнағаны соншалық, оны өзiмiздiң айтқымыз келдi. Содан соң Талант Арынғалиға сөз жаздырдық.
–    Сiздер ән авторымен, әрине, таныс емес шығарсыздар?
–    Жоқ, таныс емеспiз.
–    Дәл қазiр сазгер Сердар Ортач Қазақстанда өз туындысына қазақша сөз жазылып, орындалып жүргенiн бiлмейдi. Ал егер ол күндердiң күнiнде бiлiп қойып, авторлық құқығын талап еткен жағдайда не болатынын ойладыңыздар ма?
–    Бәрi дұрыс шешiледi деген ойдамын.
–    Шетел әуендерiне жазылған үш әнiңiздi атап берiңiзшi...
–    «Қайдасың?», «Мөлдiр махаббат», «Айым менiң» деген әндер.

«Қазақ әншiлерiнiң шетел әуенiне әуестенуiне сазгерлердiң де кiнәсi бар шығар, бәлкiм, олар заманға сай туынды шығара алмай отыр ма» деген сауалымызды бiз белгiлi сазгер, бiрнеше әндердiң авторы Мыңжасар Маңғытаевқа қойып көрдiк:
Мыңжасар МАҢҒЫТАЕВ, Құрманғазы атындағы Мемлекеттiк консерваторияның профессоры, сазгер:
ЖАСТАР IЗДЕНБЕЙДI
Шетел әуендерiнiң қазақ эстрадасына ентелей енiп кетуi, менiңше, әншiлерiмiздiң елiктеушiлiгiнен және Көркемдiк кеңестiң жоқтығынан болып отыр. Бұрын әншiмiн деуге, сазгермiн деуге анау-мынау адамның тiсi батпақ түгiлi маңайына жолауға қорқатын. Себебi ол кезде қатаң сұрыптау болып, шығармалардың жақсы дегенiн шертiп тұрып таңдап алатын. Қазiр ше? Кiм ойына не келсе, соны iстейтiн болды ғой. Шетел әнiн айта ма, жоқ оның әуенiне басқа сөз жаза ма, оған ешкiм қой демейдi, өзi – қожа, өзi – би.
Бүгiнде жас әншiлер көп iзденбейдi. Мысалы, менiң алдыма «жақсы ән жазып берсеңiз» деп бiр әншi келген емес. Егер олай етсе, мен ешқандай ақы да сұрамастан жазып бере алатын жағдайдамын. Ал оның өмiршеңдiгi кез келген шетел әнiнен әлдеқайда ұзақ болмаса, қысқа болмасы анық. Неге? Себебi шетел әуенi шетел тұрмақ, қазiр бiзге де таңсық емес. Бәлкiм, бүгiн тыңдалар, бiрақ оның ертеңi жоқ.

Түйiн:
«Шетел әнi» деп шекесiнен шертпей, шырқай жөнелдiк делiк. Жарайды, жаңалыққа құмар жастар жағы бұл әндердi жақсы қабылдай қойсын-ақ. Бiрақ бiздiң әншiлерiмiз, осы орайда, ең негiзгi нәрсенi назардан тыс қалдырып отыр, ол – авторлық құқық. Дәл қазiр шекарадан шырт түкiрiп өтiп жатқан шетел әуенiнiң күнi ертең қожайыны келiп, «құқыма неге қол сұқтың» десе, «айыппұл төле» десе, не болмақ? Қызықтың көкесiн сонда көремiз!..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста