Танымал қазақстандық диджей, “Грэмми” сыйлығының иегері Иманбек Зайкенов шетелдегі қазақтардың сынына қалды. Наразы болғандар концертінде орнына басқа біреу өнер көрсеткенін жеткізген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
АҚШ-та тұратын қазақстандық азамат желіде отандасының Коста-Месадағы (Калифорниядағы қала) концертіне барғанын айтқан. Алайда айтуынша, концертте Иманбектің орнына өзге біреу өнер көрсеткен.
“Иманбектің өзінің “егізімен” әлдебір келісімі бар сияқты. Ол оның орнына ел алдына Қазақстанның туын жамылып шығады. Концерттегі америкалықтар оның Иманбек емес екенін білмейді де” – деп жазды ол.
Қазақстандық өзін “алдап түсіргендерге” наразы болды. Концерт билеттерінің құны алдын ала сатып алсаңыз 25 доллар (12 мың теңге) болғанКазахстанец отметил, что чувствует себя обманутым. Билеты на концерт стоили 25 долларов (почти 12 тысяч тенге), ал кеш болатын күні алсаңыз 50 долларға (24 мың теңгеге жуық) тең, дейді ол.