«АЛЖИР» ақиқаты

«АЛЖИР» ақиқаты

Қазақстан халқы ассамблеясының, Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды кешенінің бастамасымен, сондай-ақ ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен «Тағдырларды біріктірген Қазақстан» атты тарихи жинақ жарық көрді. Құнды деректерге толы жаңа кітаптың таныстырылымы таяуда «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жоба аясындағы форум барысында ұйымдастырылған болатын.

Аталған кітапта ХХ ғасырдағы жаппай қуғын-сүргінде азап шеккен ұлттардың тағдыры, жекелеген белгілі тұлғалардың өмір дерегі, қуғын-сүргіннің тарихи сипаттамасы, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен қуғын көрген жандардың өздері қалдырған естеліктері қамтылған. Кітапта сондай-ақ зұлмат жылдардың белгісіндей болған «АЛЖИР» (Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері) абақтысы мен сол жерде тұтқында болған әртүрлі ұлт өкілдерінің қасірет-қайғысы, ардақты да қайраткер аналардың арман-тілектері шынайы бейнеленген. Жинаққа тек қана еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандары ғана емес, шетелдік азаматтар мен еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің бастан кешкен азапты оқиғалары да арқау болған.

aljir

Қасіретті кезеңнен сыр шертетін жинақтың алғысөзінде: «ХХ ғасыр қазақ тарихында ғана емес, бүкіл Кеңес Одағы атанған республикалар тарихында өзінің зауалы мен зұлматы, азабы мен қайғысын қатар жүргізген сталиндік қатыгез саясатпен есте қалды. 20-жылдардың басында басталған «қызыл қырғын» кезеңі 30-40 жылдарға, бұдан кейін 50-жылдардың соңына дейін жалғасты. Ресми деректерде саяси қуғын-сүргін көргендердің бас-аяғы 60 миллионға жеткені айтылса, тек ату жазасына кесілгені 24 млн адамды құрайды екен. Қазақстан сол бір азапты жылдары жүзден аса ұлт адамдары үшін қоныс алаңына, үлкен қуғындау лагеріне де айналды», – делінген.

Әсіресе, қазақ тарихы үшін ең ауыр кезеңнің бірі саналатын қуғын-сүргін, аштық жылдарына қатысты деректерді топтастырған «АЛЖИР» мемориалды кешені қызметкерлерінің айтуынша, бұл жинақты алдағы уақытта да толықтырып шығару жоспарда бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста