Алтынжар мен Атыраудың арасы – екі елдің кие қонған даласы

Алтынжар мен Атыраудың арасы – екі елдің кие қонған даласы

«Алтын домбыра» күй сайысына қатысушылар мен өнер иелері Құрманғазы бабаның басына тәу етіп қайтты

Қазақ күйінің құдіретін әлем аспанында шарықтатқан, талай шет мемлекетте қасиетті халқының киелі өнерін паш еткен күйші Әзидолла Есқалиев атындағы «Алтын домбыра» республикалық сайысы мәреге жетті. Екі күн бойы Әзидолладай дәулескер домбырашысы бар Атырауда күмбір күй өрістеді. Еліміздің әр аймағынан үмітін үкілеп келген жас домбырашылар қазақ күйінің хас шеберлерінің алдында өнерлерін сынға салды.  Сайысқа қатысушы сайыпқырандардың жеңіліс тапқаны жоқ, жаңа ғасырда ата-баба мұрасын асқақтатып жүрген жастардың қай-қайсысы да мақтауға да, мадақтауға да тұрарлық. Байқау нәтижесі жария етілген күннің ертеңінде жас күйшілер мен қазылар алқасын, өнердегі жанашырларын бастап Әз-аға Әзидолла Есқалиев Алтынжардағы Құрманғазы бабаның  мазарына жол тартты. Ұғына білгенге бұл да бір ұлылық екені сөзсіз.
Көктемнің таңғы салқыны бой тоңа­зы­тады. Көңілде ғана – жылылық. Күй қа­ға­ны­­на деген шексіз құрметтің белгісіндей бо­лып жолға жиналғандар арасында Әзи­дол­ла Есқалиевпен оның жары, кешегі са­йыста қазылар алқасына басшылық еткен ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сә­нен Әжиева, белгілі күйші Сержан Шә­кі­ра­тов, Құрманғазы атындағы мемлекеттік ака­демиялық халық аспаптар оркестрінің көр­кемдік жетекшісі Тұяқберді Шамелов, об­лыстық халық шығармашылығы орта­лы­ғының директоры Алма Андарбаева мен бір топ жас домбырашылар бар. Жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекараны басып өтіп, Еділ-Жайықты тел емген көршілес мем­ле­кетте мәңгілік қоныс тапқан Құрманғазы ба­баның алдындағы ұрпақ парызы жолдың алыс­тығын да байқатпайды. Әр көңілде – бір арман, баба рухымен сырласуға жол бас­тайтын қиял. Қиялдың жетегіне біздің де ере бергеніміз сол еді, күмбірлеген дом­быраның күміс үні құлағымызға жылы тиіп, назар аудардық. Түр-сипаты қазақ деуге келмейтін, өзге ұлттың өрімдей ұлы егіз шектен күйді төгілтеді келіп. Таныстық. Дағыстанды мекендеген ноғай халқының ұлы екен. Бийсолтан Жамалов – қазақша сөй­легенде ана тілін жеткілікті білмейтін та­лай қандасымызды жолда қалдырады. «9-сыныпты аяқтап, Астрахань қала­сын­дағы музыкалық колледждің домбыра сы­ны­бына қабылдандым, – деп бастады ол әң­гімесін – Маған қос ішектің құдіретін та­нытқан марқұм ұстазым Талиғат Айтасов еді. Міне, оныншы жыл, домбыраны қо­лым­нан бір сәтке де тастаған емеспін. Қа­зақтың осы киелі аспабының қыр-сырына қа­нығуды, күйші болуды мақсат еттім. Кол­леджді аяқтағаннан кейін Алматыдағы Құр­манғазы атындағы мемлекеттік кон­сер­ваторияға Айгүл Үлкенбаеваның сы­ны­бы­на оқуға түстім». Бийсолтанның өнердегі же­ңістері де аз емес екен. Бұған дейін Мәс­кеуде, Санкт-Петербургта, Махачкалада өт­кен үлкен, үлкен байқауларда домбы­ра­мен өнер көрсетіп, бас жүлдені қанжы­ға­сына байлаған жас талант Әзидолла Ес­қа­лиев атындағы күйшілер сайысында да топ жа­рып, жүлделі бірінші орынның тұғы­ры­нан көрінді. «Бийсолтанның қазақтың қара дом­бырасына деген шексіз құштарлығы мен күй өнерін меңгеруге деген ұмтылысы қазылар алқасымен бірге, сайысты тамашалаған көрермендерді де тәнті етті. Орыстың жерінде жүрген ноғай баласының домбыраға деген алабөтен көзқарасын қолдауға тиіспіз. Оған тек қана жеңістер мен жақсылықтар тілейміз», – дейді бай­қау­ды ұйымдастырушы Алма Андарбаева. Құр­манғазы атындағы мемлекеттік кон­сер­ваторияны тамамдап, кәсіби дом­бы­рашы дәрежесін иеленген Бийсолтан бү­гінде Астрахань мемлекеттік кон­­сер­ваториясында дәріс береді. Өткен оқу жылында аталған оқу орнынан дом­быра сыныбын ашқан, қазір екі шәкіртін осы өнерге баулуда. «Қазақ елі жыл санап көр­кейіп, дамып келеді. Мені әсіресе Ресей мен Қазақстанның бірлігі ерекше қуантады. Екі ел арасындағы достықтың дәнекеріндей болып, орыс жерінде қазақтың ұлттық ас­пабын дамытып, насихаттауды ар­ман­дай­мын», – дейді Бийсолтан. «Арманың орын­далсын, Бийсолтан», – дедік біз де ақжарылқап көңілмен.
МАЗАР БАСЫНДАҒЫ БІР МЕЗЕТ
«Құрманғазы» ұлттық мәдени орталы­ғының директоры Нұржан Медетов ал­дымен Астрахань қаласының орталығында ор­наласқан күй атасының ескерткішіне жол бастады. Гүл шоқтарын қойып, естелік су­ретке түскен топтың ендігі бағыты – Во­лодар ауданы Алтынжар ауылы. Алтынжардағы ақ тө­бенің басында мәңгілік тыныстаған Құр­манғазы бабаның заманауи үлгіде са­лын­ған мазары көзге алыстан шалынады. Баба ру­хына құран бағышталғаннан кейін Құр­ман­ғазы атындағы мұражайдың аға ғы­лыми қызметкері Жұмағыз Иманбаева ма­зар құрылысымен таныстырып өтті. «Құр­манғазы бабамыздың тек күй қағаны ғана емес, аруақты адам екеніне де талай жылғы еңбек жолымда көзім жетті, – дей­ді Жұмағыз апай. – Алты жыл бұрын осы жерге Алина Галиева есімді төрт жасар бүл­діршін қыз келді. Сол түні түсінде Құр­манғазы атаны көргенін айтқан Алина ұйқыдан ояна сала ата-анасынан домбыра сұрайды. Қазақ домбырасын таба алмаған ата-анасы Алинаға орыс домбырасын әке­ліп береді. Бүгінде ол Ресейде ғана емес, шетелдерде де өнерімен тәнті етіп жүрген, өте өнерлі қыз. Жасы онда болса да, алар асуы мен шығар биігінің жоғары боларына сенімдіміз». Қай елде, қай мемлекетте өмір сүру маңызды емес, әкенің қанымен, ананың сүтімен бойға даритын таланттың шоғын өшіріп алмау маңызды. Орыс жерін мекендеген қазақ қызы Алинаның екі ел де мақтан етер, та­ланты тас жарған, өнерлі өрен болып өсуін ға­на тілейміз. Ата мазарының басында бұ­дан да басқа қызықты, өнегелі әңгімелерін айт­қан Жұмағыз Иманбаева апамыз Құрманғазы баба рухының шырақшысы екен деген ой келді.
ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН ҚАЗЫҚ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ба­рып, ашып берген Алтынжардағы Құр­ман­ғазы Сағырбаев атындағы мәдени орта­лықта бізді қандастарымыз риясыз пе­йілмен қарсы алды. Ауылдың үлкен-кішісі осында жиналған, бәрі де ерекше көңілді. «Қа­зақстаннан өнерлі бауырларымыз, атақ­ты күйшілер келеді дегенді естіп, қуа­нып қалдық. Тарихи Отанымыздан алыста өмір сүргенімізбен, біз үшін қазақ елінің амандығы, тыныштығы ауадай қымбат, – дейді алтынжарлық Асхат Байзуллаев. – Екі елдің арасындағы мәдени-рухани бай­ла­ныстың алтын қазығындай болып тұрған осы Құрманғазы атындағы кешенге келу­ші­лер легі толастаған емес. Ресейдің же­рінде қазақтың жүрегіндей болып соғып тұр­ған бұл қасиетті орынды мақтаныш ете­міз. Мұнда қазақтарға, оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дамытуға жақсы көңіл бөлінеді. Сол қолдаудың нәтижесінде, ана ті­лімізді, ән-жырымызды ұмытқан емес­піз».
Кешкісін Алтынжардағы қазақ мә­де­ниет орталығының ауласы қалықтаған ән мен жырға толды. Облыстық халық шы­ғар­машылығы орталығының өнерпаздары мен «Алтын домбыра» күй сайысының қа­тысушылары дайындап апарған концерттік бағ­дарлама көптің көңілінен шықты. Мұ­хит мектебін жалғастырушы әнші-термеші Ажар Сейтенованың орындауындағы ән­дер­ді де көрермен жылы қабылдады. Кеш соңында сөз алған «Алтын домбыра» рес­пу­­бликалық күй сайысының ұйым­дас­ты­ру­шысы Алма Әзидоллақызы қашан келсе де, құшағын жая қарсы алатын алтын­жар­лық­тарға деген алғысын жеткізді. «Биыл екін­ші рет өтіп жатқан бұл байқаудың бір ерек­шелігі Құрманғазы бабаның басына мі­нәжат етіп келуді дәстүрге ай­нал­дыруы­мы­зда деп білемін. Өйткені еліміздің әр түкпірінен арнайы осы сайыс үшін Атырауға жиналатын жас домбырашылардың күй атасының басына барып, батасын алуы – са­уапты іс. Бізді қуантқаны – қазақтың ұлт­тық аспабын жанына серік еткен жастардың көп­теп өсіп келе жатқаны. Осы сабақтастық үзілмесін деп тілеймін», – дей келе, Алма Әзи­доллақызы Құрманғазы кешенінің ди­рек­торы Нұржан Самиғоллаұлына, Астра­хань­дағы консул Асхат Сыздықовқа, Во­ло­дар ауданы әкімшілігінің басшысы Ба­тыр­шин Меңдеевке және «Жолдастық» қа­зақ мәдениеті қоғамдық ұйымының құр­метті мүшесі Никита Искаковқа ал­ғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.
Күй анасы Динадан дәріс алған, күй ата­сы Құрманғазының өнерін жал­ғас­тыр­ған, Парижге барып, қазақ әнін әуелеткен Әмі­реден кейін ұлт өнерін әлемге танытқан дәу­лескер күйші Әзидолла Есқалиев – бү­гін­де туған жерінің құрметті азаматы. «Осынша құрмет пен сыйға бөлегендеріңіз мені ғана емес, қазақ өнерін құрмет­те­ген­де­ріңіз деп білемін. Жас дарындарды елге та­нытатын байқауды ұйым­дас­ты­ру­шы­лар­ға, облыстық әкімдікке деген алғысым шек­сіз. Құрманғазы бабаның басына ба­рар-келер жолымызда ақ дәмімен күтіп ал­ған Құрманғазы ауданының әкімшілігіне де ағалық алғысымды айтқым келеді. Ел өне­рі өрістей берсін, қазақтың қара дом­бы­расының қасиетін кемітпейік», – деген Әзи­долла аға Есқалиевтің тілегіне біз де қосылдық.

Бақытгүл БАБАШ, Атырау – Астрахань – Алтынжар – Атырау

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста